Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тайынша ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27678 болып тіркелген);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 162 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 3 қарашадағы № 239 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 30449 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы |
С. Бекшеноd |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы мәслихатының | |
2024 жылғы 30 қаңтардағы | |
№ 135/10 шешіміне қосымша |
Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшері
1. Осы Тайынша ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүзеге асырылады.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасында көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар пайда болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес, құжаттарды қоса бере отырып, Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасының нысаны бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші портал арқылы оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі төлемді тағайындауға өтініш берген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидалары 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
9. Артық төленген сомалар ерікті түрде немесе со тәртібімен қайтарылуы тиіс.
10. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрікеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Шығындарды өтеу қағидаларының 14 – тармағында қарастырылған.