Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының "Атырау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 19 қарашадағы № 307 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3390 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:
"Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" сөздері "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы |
Н. Құрман |