Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 91-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 маусымда № 5202-06 болып тіркелді

      Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5093-06 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      2- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Исатай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;";

      9-тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады