Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қырқүйектегі № 39-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 94-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 мамырда № 5196-06 болып тіркелді

      Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085-06 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын :

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы комиссия-мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Индер ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;";

      орыс тіліндегі 3 тармаққа өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      9 тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "Мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер аудандық
мәслихат төрағасы
А. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады