Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 8 ақпандағы № 20 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 9 ақпанда № 6454-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 185 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 30014 болып тіркелген;

      2) "Түркістан облысының әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 185 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6253-13 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады