Түркістан облысы аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 28 мамырдағы № 88 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 4 маусымда № 6536-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер дүниесі туралы" Заңының 11-бабы 6) тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына, олардың табиғи популяциясын қалпына келтіру үшін, жалаңаш қызыл мияға 5 (бес) жыл және сасық кеурекке 8 (сегіз) жыл мерзімдерге шектеу (тоқтата тұру) белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады