"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Мақтаарал және Шардара аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округінің Найман Бұқарбай елді мекені таратылсын.
2. Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің Бағыскөл елді мекені таратылсын.
3. Осы бірлескен Түркістан облысының әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Кушеров |
Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы |
А. Салимов |