Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,31 гектар жерді қосу арқылы, Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 143,31 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Исмаилов |
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |