Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/14-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279-13 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінің 12) тармағындағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 ""Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген)" - деген сөздер ""Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген)" - деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесіндегі "(жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған)" - деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |