"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Отырар ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6056 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын..
2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Жолдыбай |