Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 51 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6436-13 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 690, №691, № 693 және № 694 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 690 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жеткеншек ауылы, М.Өтемісұлы, Ш.Айманов, Кенесары хан, Әл-фараби, А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов көшелері.";
"№ 691 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-2 көшесі №72, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, Б.Тастыбаев, Өркениет, Бірлік, Ақниет, Достық, Ынтымақ, №10, №12, №14, №23 көшелері және Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары.";
"№ 693 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Абылай хан көшесі №3, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Абылай хан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков, М.Мәметова, Төле би, Қ.Сәтбаев, Теріскей, Б.Ахметов, Ш.Оқшиев, Желтоқсан, №21, Ордабасы, Әйтеке би, Ж.Меймандосов көшелері, Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелері Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне дейінгі бөлігі, Д.Қонаев көшесі (Жібек жолы көшесінен кейінгі бөлігі).";
"№ 694 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Абай, Т.Аймұрзаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Жібек жолы-1, Қ.Рүстемов, С.Қожанов (Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі), Д.Қонаев (Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлігі) Т.Насыров, А.Асқанбеков, Бастау көшелері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Созақ аудандық
сайлау комиссиясы