Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 тамыздағы № 15/87-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 16 тамызда № 6576-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/207-V "Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3314 нөмірімен тіркелген);

      2) Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы №13/74-VI "Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/207-V "Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4041 нөмірімен тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Н. Койбагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады