Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақбиік ауылының басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақбиік ауылдық округінің Ақбиік елді мекені шекарасына Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 23,5 гектар жерлерді қосу арқылы, Ақбиік елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 266,08 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Жанесен | |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |