Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 қарашадағы № 192 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Сауран аудандық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №167 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31537 болып тіркелген) және "Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №167 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №103 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6430-13 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С. Байсбаев

  Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 13 қарашадағы
№192 шешіміне №1 қосымша

Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сауран ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

  Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 13 қарашадағы
№192 шешіміне №2 қосымша

Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары және басқа да салалардағы мамандар.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран

Решение Сауранского районного маслихата Туркестанской области от 13 ноября 2024 года № 192

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" и Приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года №417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №18883), маслихат района Сауран РЕШИЛ:

      1. Определить размер жилищных сертификатов по району Сауран согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившими силу решение маслихата района Сауран "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов" от 26 декабря 2022 года №167 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31537) и решение маслихата района Сауран "О внесении изменения в решение маслихата района Сауран от 26 декабря 2022 года №167 "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов" от 22 декабря 2023 года №103 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6430-13).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Сауран С. Байсбаев

  Приложение №1 к решению
маслихата района Сауран
от 13 ноября 2024 года №192

Размер жилищных сертификатов по району Сауран

      Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, жилищной программы "Наурыз" реализованной по поручению Главы Государства, определить размер жилищных сертификатов в районе Сауран:

      1) 10 процентов от суммы жилищного займа, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи;

      2) 10 процентов от суммы жилищного займа, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

      Сумма жилищного сертификата определяется в едином размере не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге для каждого получателя.

  Приложение №2 к решению
маслихата района Сауран
от 13 ноября 2024 года №192

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по району Сауран

      1) Категории социально уязвимых слоев населения, определенные статьей 68 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях";

      2) Специалисты бюджетных организации в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, социального обеспечения и других отраслей, на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, а также с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правилам формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года №161 "Об утверждении Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32546).