Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран аудандық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31537 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданы мәслихатының төрағасы | С.Байсбаев |
Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №103 шешіміне 1 қосымша |
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Сауран ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 103 шешіміне 2 қосымша |
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.