Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 167 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31537 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 қарашадағы № 192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 13.11.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі, осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысы М. Кунпеисов

  2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне 1 қосымша

Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшер

      Ескерту:. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Сауран ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

  2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне 2 қосымша

Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту:. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады