"Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 394 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 120 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 мамырда № 9020-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қүқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  "Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 394 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7782 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады