"Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 19/4-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қыркүйекте № 9077-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8963-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады