Қазақстан Республиксының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 1 – тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 – бабы 5 – тармағына сәйкес, Үлкен Нарын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Сыдыкова |
2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24-VIII шешіміне қосымша |
Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Заңына сәйкес әзірленеді және Үлкен Нарын Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 15.04.2025 № 11/127-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Үлкен Нарын ауданы бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 10,9359 (он бүтін тоғыз мың үш жүз елу тоғыздан он мыңдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.