Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдардың атауы | Өлшем бірлігі | Субсидия нормасы, теңге |
1 | Күнбағыс | тонна | 15 000 |
2 | Мақсары | тонна | 10 000 |
3 | Қарақұмық | тонна | 10 000 |
4 | Өнеркәсіптік жылыжай кешеніндегі көкөністер | гектар | 11 923 000 |
5 | Фермерлік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 3 151 000 |