Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7247-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Калиев |