Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Кушкинбаев |
Жаңақала ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 165 қаулысына қосымша |
1. Жаңақала ауданы әкімдігінің "Жаңақала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 11 қазандағы № 283 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 болып тіркелген);
2. Жаңақала ауданы әкімдігінің "Жаңақала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 283 "Жаңақала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 11 қазандағы № 184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелген);
3. Жаңақала ауданы әкімдігінің "Жаңақала ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 қазандағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 болып тіркелген).