Казталов ауданы әкiмiнiң "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 тамызда № 7422-07 болып тіркелді

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы әкімінің "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:

7

№ 225

Қаракөл ауылы, Сабыр, Қосарал, Оңбай, Бекет, Жылти, Жаманқұдық, Ибатшеген, Бесоба, Құрайлы, Қамыстыкөл, Ақкөлмек, Бекіш, Құлшыман, Жаңабаз, Нәсіп ауылшаруашылығы мекендері.

Қаракөл ауылы, Қаракөл көшесі № 28, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Қаракөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

      реттік нөмірі 44-жол жаңа редакцияда жазылсын:

44

№ 262

Қарасу ауылы, Бостандық ауылы, Ақтай, Сүттігенді, Айдархан қыстағы, Құшығанақ, Тоқсоба, Сарымсақ, Талсай, Бисенғали, Ащықұдық ауылшаруашылығы мекендері

Қарасу ауылы, Т.Қалиев көшесі № 19, "Казталов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қарасу ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

      реттік нөмірі 46-жол жаңа редакцияда жазылсын:

46

№ 264

Ащысай ауылы, Дауылбай, Бестентек, Дәуқара, Шолаққопа ауылшаруашылығы мекендері

Ащысай ауылы, Ащысай көшесі № 15, "Казталов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Ащысай ауылдық клубының ғимараты

      2. "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

      Казталов ауданының әкімі А. Саркулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады