Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Казталов аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казталов ауданының әкімі | А. Саркулов |
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 211 қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 болып тіркелді).
2. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің "Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 87 "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 65 қаулысы.
3. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің "Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 87 "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 20 шілдедегі № 141 қаулысы.
4. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің "Казталов ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 326 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелді).