Сырым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 169 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қазанда № 7438-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырым ауданы әкімі Ж. Батырниязов

  2024 жылғы 14 қазандағы № 169
қаулысына қосымша

      1. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 24 маусымдағы №222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген) қаулысы;

      2. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы №95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5149 болып тіркелген) қаулысы;

      3. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 222 "Сырым ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылы 27 қыркүйектегі №285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген);

      4. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №379 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 болып тіркелген) қаулысы;

      5. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 95 "Сырым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 31 тамыздағы №99 қаулысы;

      6. Сырым ауданы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 95 "Сырым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 17 шілдедегі № 88 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады