Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 24-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 маусымда № 7408-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

  Тасқала аудандық мәслихаты
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 24-2
шешіміне қосымша

      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5169 болып тіркелген) шешімі;

      2. Тасқала аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 16 мамырдағы № 24-5 шешімі;

      3. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 3-4 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады