Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 213 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қыркүйекте № 7434-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын..

      2. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы Р. Рахметуллин

  Тасқала ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 213 қаулысына қосымша

Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 17 мамырдағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4458 болып тіркелген).

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 қазандағы № 309 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5395 болып тіркелген).

      3. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 112 "Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 9 қазандағы № 310 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады