ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 143 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9985 болып тіркелген);
2) "Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерін және қоршаған орта жай-күйі мониторингін жүргізу саласында мемлекеттік монополия субьектісі өндіретін және (немесе) іске асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 14 мамырдағы № 171 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16981 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі