БҰЙРАМЫН:
1. "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12288 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 37-1-бабының 8-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Жұмыс тобы – Оператордың қорытындысының негізінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестициялық жобаларға субсидия беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылатын өтеусіз және қайтарымсыз негізде бюджеттік субсидия беру;
3) инвестициялық жоба – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізуге бағытталған, Қаржы институттарының және бюджеттік субсидияның қарыз қаражаты есебінен Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғалар іске асыратын инвестициялық жоба;
4) Қаржы институты – банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және халықаралық қаржы ұйымдары;
5) ниеттестік хат – Қаржы институтының инвестициялық жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесімен және алдын ала құнымен жоба жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасынан тұратын кредитті беру мүмкіндігі туралы хаты;
6) Оператор – конкурстық негізде айқындалған және Әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен шарт жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
7) субсидия – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғаға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер;
8) субсидия алушы – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
9) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және оны әкетуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
10) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
11) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;
12) уәкілетті орган– табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) үшжақты шарт- Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше мен Қаржы институтының және субсидия алушының арасында жасалған субсидия беру арқылы Қаржы институттарының және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт.
3. Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыс тобын құрады, оның құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қаржы институтының өкілдері енгізіледі.
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері:
коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган.
5. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-1-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
6. субсидия мерзімі өтіп кеткен қарыздық берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатында, субсидия алушының шаруашылық қызметінің шығыстарын жабуға, Оператор көрсеткен қызметке ақы төлеуге берілмейді.
7. Субсидия Қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шарттарында беріледі.
8. Субсидияның көлемі инвестициялық жобаның жалпы құны мен Қаржы институты беретін кредиттің арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Субсидияның көлемі Қаржы институты беретін кредиттің сомасынан аспауға тиіс. Субсидияларды бөлу тиісті жылға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
9. Субсидияларды беру Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше, Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы үшжақты шарттың негізінде жүргізіледі, онда қарыз және субсидияларды беру және пайдалану кезінде тараптардың құқықтық қатынастары белгіленеді.
10. Ақы төлеу қажеттілігін растайтын тиісті құжаттардың, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілерінің, сәйкестік және сапа сертификаттарының, шот-фактуралардың және көрсетілген қызметтер, сатып алынған жабдықтар мен материалдар бойынша бухгалтерлік есептілік құжаттарының негізінде алдағы төлемдерге ақы төлеу жүргізіледі.
11. Бөлінген қаражатты тиімді және нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету, инвестициялық жобаның тікелей көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау субсидиялаудың шарттардың бірі болып табылады.
12. Субсидияны алушы субсидияның қаражатын тек қана инвестициялық жоба мен үшжақты шартта көзделген мақсаттарға пайдаланады.
13. Субсидия мынадай өлшемшарттар сақталған жағдайда беріледі:
1) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
2) Қаржы институтының қаражаты есебінен алынған қарыз есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
3) есептермен және тиісті құжаттармен расталатын субсидияның экономикалық негізділігі;
4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
5) бірыңғай техникалық саясатты, оның ішінде технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану;
6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту.
14. Субсидия беру мынадай негіздерде жүзеге асырылады:
1) инвестициялық жобаға арналған техникалық - экономикалық негіздемені (бұдан әрі-ТЭН) және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы;
2) ТЭН және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы;
3) инвестициялық жобаға субсидия беру туралы шешім қабылдау үшін Әкімшіге ұсынылатын Оператордың қорытындысы;
4) субсидия алушының үш жақты шарттың талаптарын сақтауы;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның қорытындысы.
15. Үшжақты шарт мынадай негізгі шарттарды қамтиды:
1) субсидия беру мақсаты;
2) субсидияның мөлшері;
3) валютасы;
4) игеру кезеңі – субсидия берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін субсидия алушы субсидияны пайдалана алатын уақыт кезеңі;
5) ақы төлеу мерзімдері;
6) міндеттерді сақтамағаны үшін санкциялар..
16. Инвестициялық жобаларды іске асыру процесінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды және мониторингілеуді Оператор және Қаржы институты жүзеге асырады.
2-тарау. Субсидия беру тәртібі
1-параграф. Субсидия беру үшін субсидия алушыдан түскен өтінімді қабылдау
17. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін субсидия алушы субсидия алуға өтінім қалыптастырады және Әкімшіге береді.
18. Субсидия алуға арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
1) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі субсидия алушының iлеспе хат;
2) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулерімен (ТЭЗ) және кредит мөлшерінің негіздемесімен қоса, Қаржы институтының ілеспе хаты;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
5) сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;
6) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңыныңа сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;
7) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының нысандары бойынша құрастырылған әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы бар қаржы моделі (тізілімде тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 9938), оның ішінде "бухгалтерлік баланс", "Пайда мен залал туралы есеп", " ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тікелей немесе жанама әдіс)";
9) мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқтығы туралы банк анықтамасы есептік кезең;
10) басқа банк-кредиторлардың субсидия алушының басқа да қарыздар алуына келісімі туралы растау;
11) Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы кредиттік шарт;
12) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі бухгалтерлік баланс;
13) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
14) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;
15) ағымдағы және екі өткен есептік кезең ішіндегі түсім/өзіндік құн/басқа кірістер баптарының мағынасын ашу;
16) қаржылық көмек алуды растаудың мағынасын ашу;
17) салалық сараптаманың қорытындысы;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына 3 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаға экономикалық қорытынды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі-әзірлеу ережесі);
19) әзірлеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы.
19. Әкімші Операторға субсидия алушы ұсынған құжаттар топтамасымен қоса субсидия алу жөніндегі өтінімін қарау қажеттілігі туралы хатты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Оператор субсидия алу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылғанын және құрамының толықтығын тексереді, субсидия алушының өтінімін тіркейді. Өтінімге тіркелген уақыты және тіркеу нөмірі қойылады.
20. Ұсынылған құжаттардың құрамы толық болмағанда және (немесе) дұрыс толтырылмаған кезде Оператор 3 (үш) жұмыс күннің ішінде өтінімге қоса берілген құжаттардың топтамасын Оператордың ескертулерін толық жойғанға дейін субсидия алушыға қайтарады.
21. Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін ескере отырып, құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Оператор құжаттардың топтамасын қабылдайды және субсидия алуға арналған өтінімді қайта тіркейді.
Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін жоя отырып, құжаттардың топтамасын ұсынбаған жағдайда Оператор бұл туралы Әкімшіге жазбаша хабарлайды.
2-параграф. Оператордың субсидия беру жөніндегі өтінімді қарауы
22. Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген құжаттардың және басқа да расталған көздерден алынған ақпараттардың негізінде (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлердің бекітілген даму жоспары), Оператор субсидияны ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытындыны қалыптастырады. Оператордың субсидияны ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қағаз түріндегі қорытындысына Оператордың бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын адам қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:
1) бекітілген критерийлер (негізгі құралдардың тозуын төмендету, нормативтік техникалық ысырыптарды қысқарту, шикізаттар, материалдар, отын, энергия шығыстарының нормаларын төмендету, көрсетілетін реттелетін қызметтердің көлемін арттыру және сапасын жоғарлату) бойынша жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын бағалау;
2) қазіргі заманғы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану және оларды бағалау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасын бағалау;
3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және/немесе реконструкциялау және/немесе жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;
4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу бойынша қосымша іс-шаралар жүргізу туралы ақпарат;
5) ағымдағы қаржылық жағдайды бағалау, оның ішінде қызмет түрлері, тарифтер бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мен тұтынушылар топтары бойынша жіктелетін тарифтердің барлық түрлерін қамтитын, есептік жылдың және алдыңғы екі кезеңнің ішіндегі операциялық көрсеткіштерін бағалау, сонымен бірге жобаның тарифтерге әсерін көрсете отырып субсидияны әлеуетті алушының қаржылық үлгісін бағалау;
6) мынадай критерийлер бойынша субсидия алуға арналған өтінімді бағалау:
өтінімнің субсидияны пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;
субсидиялау мерзімінің субсидия алудың қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;
субсидия сомасының сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері.
23. Субсидия алудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы өтінімді қарау және оны Жұмыс тобының қарауына енгізу мерзімі субсидия алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
3-параграф. Жұмыс тобының субсидия беру жөніндегі өтінімді қарауы
24. Жұмыс тобы Оператордың қорытындысы негізінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобаларды субсидиялау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
25. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін Жұмыс тобының хатшысына субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ұсынады.
26. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған Жұмыс тобының төраға қол қояды.
27. Жұмыс тобы субсидия беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Оператор 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
Субсидия беру туралы оң шешім болғанда Жұмыс тобының хаттамасында субсидия берудің шарттары (субсидияның сомасы, беру мерзімі) көрсетіледі.
28. Жұмыс тобы бюджеттік субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Оператор:
1) Жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзіндісі бар субсидия беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;
2) Оператор Қаржы институтының және (немесе) субсидия алушының жазбаша талап етуі бойынша субсидия алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, Оператор ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) Қаржы институтына/субсидия алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және субсидия алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.
29. Жұмыс тобы хаттамасының негізінде Әкімші бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін өтінім қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органға енгізеді.
30. Республикалық бюджеттік комиссиясы хаттамасының негізінде Әкімші, Қаржы институты және субсидияны алушы арасында үшжақты шарт жасалады.
3-тарау. Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асырудың, инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мониторингін жүзеге асыру тәртібі
31. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту саласында субсидиялау кезінде Оператор Әкімшімен жасалған шарттың (келісімшарттың) шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
32. Оператор мен Әкімші немесе оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі арасында шарт (келісімшарт) жасалады.
33. Операторға көрсеткен қызметтерінің ақысын төлеу Оператордың функцияларын жүзеге асыруға арналған Әкімші мен оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі арасында жасалған шартқа (келісімшартқа) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды субсидиялау кезінде Оператор көрсеткен қызметтер құнының есептеуіне сәйкес жүргізіледі.
34. Жабдықтардың құны мен белгіленген қуаты бөлігінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан инвестициялық жоба бойынша бөлігінде кез келген өзгерістер мен ауытқуларға Оператормен алдын ала жасалған келісім бойынша рұқсат етілмейді.
35. Оператор Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингі жүргізу мақсатында және субсидия қаражаты есебінен іске асырылатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің салаларын жаңғыртуға және дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру және объектілерді көзбен тексеру үшін жарты жылда кемінде бір рет объектілерге барады.
36. Объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру міндетті түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
37. Объектілерге көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексерудің қорытындылары бойынша Оператор 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жібереді.
38. Мониторингті Оператор көзбен тексеру және субсидияны алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есептің негізінде жүргізеді, ол мынадай:
- растайтын құжаттарды ұсына отырып, негізгі жұмыстардың әр түрі бойынша жоспарланған көлемге қатысты орындалған жұмыстардың нақты көлемі, ауытқу болған жағдайда ауытқу себептері бойынша;
- сәйкестік және сапа сертификатын ұсына отырып, жоспарланған жабдықтар мен материалдардың әр түрі бойынша берілген жабдықтар мен материалдардың нақты көлемі бойынша ақпаратты қамтиды.
Аталған есеп өндірістің жағдайын және алаңдағы жұмыстардың барысын көрсететін фото-бейне материалдардан тұруы қажет.
39. Субсидияларды алушы инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есепті ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық нысанда және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:
есептік ай үшін – есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;
есептік жыл үшін – есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
40. Оператор Субсидияларды алушының ұсынған инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратын жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдау жасауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылар бойынша Оператор инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті қалыптастырады және Әкімшіге мынадай мерзімдерде жібереді:
есептік ай үшін – есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;
есептік жыл үшін – есептік қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.
41. Оператордың жиынтық есебін Әкімшіге электрондық нысанда және қағаз тасығышта ұсынылады. Оператордың қағаз тасығышта ұсынған жиынтық есебіне Оператордың басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды және ұйымның мөрімен бекітіледі.
42. Қаржы институтымен бірлесіп қаржыландыру шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаны қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында Оператор Субсидияларды алушыдан мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты, мәліметті, құжаттарды сұратады және алады.
Субсидияларды алушы Операторға осы Қағидаларда, сондай-ақ, субсидияларды төлеу туралы үшжақты шарттың талаптарында көрсетілген тәртіпте және мерзімде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға шынайы және объективті мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Жоба паспорты
Жобаның атауы | ||||
Субсидияға арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) | ||||
Субсидияның сомасы, мың теңге | ||||
Бюджеттік бағдарлама | Субсидия алушы | |||
Нөмірі | ||||
Атауы | ||||
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге | ||||
Субсидия алушы (заңды тұлғаның атауы) | ||||
Жоба бойынша ақпарат | ||||
№ | Іс-шараның атауы | Құны, барлығы, мың теңге | оның ішінде іске асыру жылдары бойынша: | |
20ХХ | ||||
1 | ||||
……… | ||||
Субсидияның мерзімі | ||||
Қаржы институтының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі | ||||
Кредит бойынша қамтамасыз ету | ||||
Объектіні салу және/немесе реконструкциялау және/немесе жаңғырту орны | ||||
оба бойынша, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік – экономикалық әсер туралы ақпарат (негізгі құралдардың тозуын төмендету; нормативтік техникалық ысырапты азайту; шикізатты материалдарды, отынды, энергия жұмсау нормаларын азайту; ұсынылатын реттелетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру) | ||||
Қаржы институтының өкілі | ||||
Тегі | ||||
Аты | ||||
Әкесінің аты (болған жағдайда) | ||||
Лауазымы | ||||
Мекенжайы | ||||
Байланыс телефондары | ұялы телефон | |||
Электрондық пошта | ||||
Субсидияларды алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі | ||||
Тегі | ||||
Аты | ||||
Әкесінің аты (бар болса) | ||||
Құрылымдық бөлімшенің атауы | ||||
Лауазымы | ||||
Мекенжайы | ||||
Байланыс телефондары | ||||
Электрондық пошта | ||||
Қосымша ақпарат |
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау кезінде Оператордың қызмет құнын есептеу
1. Оператордың қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын немесе оның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлауды қамтамасыз ететін басқа қаржы құжатында қайта қаралады.
2. Қызмет құнын айқындаудың тәртібі.
Оператор көрсеткен қызметінің құны мынадай негізде айқындалады:
1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағат құны;
2) қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;
3) еңбек нормалары;
4) қаржыландыруды іріктеуге, мониторингілеуге және іске асыруға жататын инвестициялық жобалардың саны.
3. Жоспарлы бір адам-сағат құны мынадай формула негізінде есептеледі:
мұнда:
ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;
ЖӨ – тиісті кезең ішінде қызметтердің жоспарлы өзіндік құны, мың теңге;
САНЫ – Оператордың тартылған жұмыскерлерін және өндірістік персоналының саны, адам;
ЖК – жоспарланған кезеңде жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны, күндердегі (жұмыс уақыты теңгеріміне сәйкес аптасына 40 сағат бойынша, 2017, 2018 жылдары);
ТН – табыс нормасы, пайыз.
4. Жоспарлы табыс нормасы тиісті жылдың жоспарлы өзіндік қызметіне Оператордың инвестициялық жоспарының арақатынасы ретінде айқындалады.
5. Оператордың көрсететін қызметінің табыс нормасын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Оператор әзірлейді және бекітеді.
6. Оператор қызметінің құнын айқындау.
Оператордың бір жобаға көрсеткен қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес анықталады:
мұнда:
Қб – Оператордың 1 жобаға көрсетілетін қызмет бағасы, мың теңге;
ЖҚб – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;
ЕН – қызмет бірлігінің еңбек нормасы, адам-сағат.
Оператордың көрсеткен қызметіне арналған бюджет қаражатын жоспарлау мақсаттары үшін мынадай формула қолданылады:
мұнда:
Ққ – қызметтердің құны, мың теңге;
Қб – 1 жобаға көрсетілетін қызмет бағасы, мың теңге;
Саны – инвестициялық жобалардың саны.