БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 12) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғаны болғызбау бойынша авиациялық персоналдың қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";
43-тармақ алып тасталсын;
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Арнайы сабақ материалдарын әзірлеуді, жинақтауды және қорытындылауды авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, ал осы лауазым көзделмеген бөлімде – бөлімнің штаб бастығы жүзеге асырады.";
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"188. Ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық оқиғаны болғызбау жөніндегі қызметтің жай-күйін талдау авиациялық бөлімде осы Нұсқаулыққа 5- қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі