БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12413 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізілімге жаңа технологиялар туралы мәліметтерді енгізу үшін құрылыс саласының субъектілері уәкілетті органның ведомствосына мынадай құжаттарды ұсынады:
құрылыстағы жаңа технология атауын Тізілімге енгізу туралы өтініш (еркін нысанда). Өтініште хронометраж жұмыстарын жүргізу орны мен күні көрсетіледі;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыстағы жаңа технологиялар туралы ақпарат.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасы зетсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |