Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 ақпанда № 35718 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген

Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – тізілім).

      2. Тізілімді жүргізудің мақсаты органикалық өнім өндірушілер туралы деректерді есепке алу және жүйелеу болып табылады.

2-тарау. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрған немесе күшін жойған (тоқтатқан) жағдайларда уәкілетті органға органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау нәтижелері туралы немесе сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру туралы немесе күшін жою туралы (тоқтату туралы) ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) жібереді.

      Ақпарат уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында көрсетілген электрондық мекенжайға электрондық түрде ұсынылады.

      5. Органикалық өнім өндіру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше сәйкестікті растау жөніндегі органдар ұсынатын ақпарат негізінде тізілімді өзектендіреді және оның ақпарат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

  Органикалық өнім
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі

Р/с №

Сәйкестік сертификатының берілген күні, тіркеу нөмірі және қолданылу мерзімі

Өндіруші

Нақты орналасқан жері

Органикалық өнім ретінде өндірілетін және (немесе) өткізілетін өнім санаты

Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы және мекенжайы

Сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген құжаттың атауы

Тізілімге енгізілген күні

Сәйкестік сертификатын тоқтату туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады