"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 ақпанда № 35748 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:

      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату және сатып алу жүзеге асырылатын онлайн платформа;";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық монеталарды сату және сатып алу да сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды, оның ішінде инвестициялық монета дайындалған бағалы металдың химиялық таза салмағының грамында (унцияларда) айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сауда алаңы арқылы сатуы және сатып алуы Қағидалардың 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды Ұлттық Банктің сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады