БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның құрамына газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілдерінен басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің өкілі, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, саяси партиялардың және республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (келісу бойынша) енгізіледі.
Комиссияның құрамына сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың, сұйытылған мұнай газын мұнай-газ химиясы өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы нарығында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) және (немесе) заңды тұлғалардың өкілдері кірмейді.
Уәкілетті орган жыл сайын (мерзім комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) комиссия құрамын қайта қарайды және өзектілендіреді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Есимханов |