"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 89/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 наурызда № 35774 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), ультра-қысқа толқындар (бұдан әрі – УҚТ), қысқа толқындар (бұдан әрі – ҚТ), орташа толқындар (бұдан әрі – ОТ), ұзын толқындар (бұдан әрі – ҰТ), транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL – wireless local loop) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Мемлекеттік радиожиілік қызметі) орындауға береді.

      Мемлекеттік радиожиілік қызметі өтінім келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес РЭҚ тізбесі үшін РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу рәсімін жүргізеді, сондай-ақ жылжымалы РЭҚ үшін бос жиіліктерді іріктеуді жүзеге асырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес РЭҚ тізбесі үшін РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу рәсімін жүргізеді:

      1) оң нәтиже көрсетілетін қызметті алушының РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу нәтижелері туралы хабардар етеді және өтінімді одан әрі қарау үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды;

      2) теріс нәтиже көрсетілетін қызметті алушыға негізделген бас тартуды жолдайды және бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы электрондық түрде хабарлайды.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қорғаныс министрлігінің келісу нәтижесі оң болғаннан кейін, көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуға жауап алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажеттілігі РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ жүргізілген есептеу нәтижелері бойынша айқындалатын кедергілерсіз РЭҚ және ЖЖҚ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында РЖС халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының шекара маңындағы мемлекеттерге өтінім жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

      1) мәлімдеделген радиожиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арнасының) ұлттық жиіліктер белдеулерін бөлу кестесіне сәйкес келмеуі;

      2) мәлімдеделген радиоэлектрондық құралдардың сәуле шығару және қабылдау параметрлерінің радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарына, нормаларына сәйкес келмеуі;

      3) қолданыстағы және пайдаланылуы жоспарланған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының теріс қорытындысы;

      4) азаматтық пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдаланушыларға бұрын иелікке берілген мәлімделген радиожиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) пайдалануы;

      5) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін, байланыс саласындағы радиожиіліктерді пайдаланатын кәсіпкерлік қызмет түріне тиісті лицензияның болмауы;

      6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің теріс нәтижелері;

      7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша үкімінің болуы;

      12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      РЖС рұқсат беруден бас тарту қызмет алушыны қайта беру құқығынан айырмайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.

      Тәжірибелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне РЖС-ға рұқсат 6 айдан аспайтын мерзімде беріледі және рұқсатта көрсетілген мерзім өткеннен кейін автоматты режимде жойылады.";

      28-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады;.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Мемлекеттік радиожиілік қызметі РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебін (бұдан әрі – есеп) Теңіз және жылжымалы РЭҚ қоспағанда, азаматтық мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін қолданыстағы және жоспарланған РЖС-ны ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ тізбесінде көрсетілген РЭҚ және ЖЖҚ үшін мынадай жағдайларда жүргізеді:

      1) РЖС-ға рұқсат алу;

      2) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға беру (РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысын алу қажет);

      3) техникалық параметрлердің өзгеруі, оның ішінде РЭҚ орнату орны (географиялық координаттардың өзгеруі, антенна аспасының биіктігінің өзгеруі, антенна бағытының өзгеруі).

      4) тәжірибелік пайдалануды, жарыстарды, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалану.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. ЭМҮ қорытындысын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік радиожиілік қызметіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсына отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес өтінім береді:

      1) сұратылған радиожиілік белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) топологиясы мен архитектурасы, оның басқару орталығы Қазақстан Республикасының аумағына қатысты орналасу мекенжайы (аумағында немесе аумақтан тыс), пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолдануға жоспарланып отырған РЭҚ техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер, байланысты ұйымдастыру сұлбасы, жиіліктер торы (радиоарналар) егжей-тегжейлі баяндалады;

      2) радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады.

      3) радиожиілік спектрін бірлесіп пайдалану туралы шарттан алынған мәліметтер (осы шарт бойынша жиіліктерді пайдалану құқығын алған пайдаланушы, радиожиілік спектрінің негізгі пайдаланушысы, бірлесіп пайдалану үшін белгіленген радиожиілік жолағы, шарттың мерзімі, нөмірі және қол қойылған күні).";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырсын:

      "38-1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі РЭҚ қондырғысының орналасқан жерінің құжаттары мен мәліметтерін, қабылдау-беру және антенна жабдықтарының сипаттамаларын, электромагниттік үйлесімділік сараптамасының қорытындысын алуға берілген өтінімдерді тексеруді жүзеге асырады:

      1) осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін 10 жұмыс күні ішінде есептеуді жүзеге асырады;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкес келмеуі 10 жұмыс күні ішінде радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысын алуға арналған өтінімді қараудан бас тартады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. ЭМҮ қорытындысының қолданылу мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) РЖС рұқсатының күші жоюдан кейін;

      2) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануды тоқтату туралы хабарлама жіберуден кейін;

      3) техникалық параметрлердің, оның ішінде РЭҚ орнату орнының өзгеруі (географиялық координаттардың өзгеруі, антенна аспасының биіктігінің өзгеруі, антенна бағытының өзгеруі) себебінен ЭМҮ қорытындысын алғаннан кейін;

      4) тәжірибелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де іс-шаралар өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланып болғаннан кейін аяқталады.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетімділік жүйесінің (WLL, "нүкте-нүкте" топологиясы бар радиокөпір режиміндегі қолданылатын терминалдарды қоспағанда), ұялы байланыс желілерінің (мобильді телефондар, сонымен қатар ұялы байланыс желілерінде қолданылатын модемдер, сондай-ақ пассивті ретрансляторлар), соның ішінде бекітілген немесе басқа қондырғылардың құрамына кіретін абоненттік терминалдар.


      ";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Стационарлық қабылдау-тарату РЭҚ, мыналарға арналған: УҚТ радиобайланысы, транкингтік радиобайланыс жүйесі, сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi, УҚТ радиобайланысың жылжымалы РЭҚ**


      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің (WLL) стационарлық (базалық) станциясы


      ";

      3-қосымшада:

      реттiк нөмiрлерi 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) РЖС пайдалануға рұқсат беру: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; сұралып отырған радиожиіліктер белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолданылуы жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалады; спутниктік байланысты ұйымдастыру үшін бөлінетін радиожиілік номиналдарын (жолағын), ЭИСҚ, сәуле шығару класы, VSAT-станциялар үлгісін көрсете отырып, спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесін; Қазақстан Республикасының аумағында геостационарлық емес спутниктерді пайдалану үшін Халықаралық электр байланыс одағының Радио байланыс регламентіне сәйкес геостационарлық емес спутниктік желісін тіркеуге Халықаралық электр байланыс одағының оң қорытындысының көшірмесі; телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілікті арналарды) бөлу бойынша өткізілген конкурстың оң нәтижесі; Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасының аумағында РЖС рұқсатын алуға келісім туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хатының көшірмесі қоса беріледі; радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады.
2) РЖС пайдалануға рұқсатты ұзарту: РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады
3). РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; түсіндірме жазба. Кеме станциясының рұқсаты үшін теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігін ұсыну қажет; РЖС рұқсатының көшірмесі (қағаз тасығышта алған жағдайда); РЖС рұқсаты электрондық түрде алынған жағдайда (портал арқылы) РЖС-ға рұқсат көшірмесі талап етілмейді. заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат; радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi), теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады; РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжат. РЖС-ға электрондық түрде (портал арқылы) алынған рұқсаттарды қайта ресімдеген жағдайда РЭҚ-қа сауалнама талап етілмейді;
4) РЖС күшін жою: РЖС рұқсатын алуға бас тарту себептерін және жою күнін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш; РЖС-не рұқсат (егер РЖС рұқсат электрондық түрде Портал арқылы алынған болса, аталған құжат талап етілмейді); ұсынылған хабарлама бойынша өтінім берілген мерзімге дейінгі РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке аумақ бойынша төлемақы төленгенін растайтын құжат.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса, бас тартылады;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      ;

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымшада:

      реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61

Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi

      ";

      15-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің (WLL) стационарлық (базалық) станциясы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 3 наурыздағы
№ № 89/НҚ бұйрығына
1 қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) иелікке
беру, радиоэлектрондық
құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігінің Телекоммуникация комитетіне

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруді/қайта ресімдеуді сұраймын ӨТІНІМ

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының қаласын, ауданын, облысын көрсету)

      Қағидалардың 8-тармағына сәйкес радиожиілік спектрі саласындағы құжаттарды

      ресімдеудің оңайлатылған рәсімі бойынша РЖС-ке рұқсат беруді сұраймын.

      Иә □ / □ жоқ (біреуін таңдаңыз)

      Тәжіребелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзгеде іс-шараларды өткізу кезеңіне РЖС-ға рұқсат беруіңізді сұраймын

      Иә □ / □ жоқ (біреуін таңдаңыз)

      Ұйым туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны ________________________________________________

      2. Құрылған жылы ________________________________________________

      3. Мекенжайы ____________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, ауданы, көшесі, үйдің №, телефоны)

      4. Өтінім берушінің байланыс деректері

      _________________________________________________________________

      (Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс телефоны, электрондық

      мекенжайы)

      5. Есеп айырысу шоты _____________________________________________

      (шот №, банктің атауы және орналасқан жері)

      6. Банктік реквизиттер _____________________________________________

      7. БСН/ЖСН ______________________________________________________

      8. Қызмет көрсету түрі _____________________________________________

      (лицензиялық қызмет жағдайында лицензияның нөмірі және сериясы)

      9. Қоса берілетін құжаттар тізбесі:

      Басшы ________________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____" __________________

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 3 наурыздағы
№ № 89/НҚ бұйрығына
2 қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Құрлықтағы жылжымалы (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), УҚТ, ҚТ, ОТ, ҰТ, транкингтік радиобайланыс және сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерiнің стационарлы радиоэлектронды құралына), теңіз қызметтерінің (жағалау, радиолокация станциялары, радиомаяктар және т.б.) стационарлы радиоэлектрондық құралына және КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL) сауалнама

1 Бөлім – Жалпы деректер

1-a, 1-b, 1-c. Қызмет аумағы:*




1-d. Көше:*




1-e. Үй\Құрылыс:




1-f. Жалпы секторлар саны:*




1-g. Байланыс стандарты:*




1-h. Қызмет көрсету аймағының жоспарланған радиусы, км:*




1-i. Жиілік торының қадамы, кГц: *


1-j Деректерді тарату жылдамдығы, Мбит/с:*




1-k. Дуплекстік алшақтау, МГц:



2 Бөлім – Техникалық деректер

2-a. Қабылдап-таратқышты өндіруші:*




2-b. Қабылдап-таратқыштың моделі:*




2-c. Құрылғының сериялық нөмірі::




2-d. Сезімталдылығы, мкВ:*




2-e. Модуляция түрі:*




2-f. Сәуле шығару классы




Қажетті жолақ ені:*


Өлш. бірл.:*




Негізгі тасымалдаушының модуляция типі:*




Негізгі тасымалдаушыны модуляциялайтын сигнал (дар) дың сипаты:*




Жіберілетін ақпарат типі:*




Сигнал (дар) туралы толық мәліметтер:


Тығыздалу сипаты:




2-g. Көрші арна бойынша таңдау, дБ:*




2-h. Интермодуляциялық таңдау, дБ:*:*


 

Алып тастау


 

2-i. Антенна типі:*


 

2-j. Антеннаның бағыттылығы:*


 

2-k. Сектор нөмірі*

2-l. Антеннаны өндіруші *

2-m. Антеннаның моделі *

2-n. Indoor антенналар саны*

2-o. Күшейту коэффициенті, дБи*


1-p. Географиялық координаттар С.Е.:*

1-p. Географиялық координаттар Ш.Б.:*

2-q. Максималды сәуле шығару азимуты, град*

2-r. Жер деңгейінен жоғары антеннаның іліну биіктігі, м*

2-s.
Бұрыш орны, град*






2-w. АФҚ шығындары, дБ*

2-x. Таратқыштың қуаты (секторға), Вт*

2-x. Қабылдау жиілігі

2-y. Қабылдау жиілігі (макс.шекарасы), МГц*

2-z. Тарату жиілігі






2-v. Тарату жиілігі (макс.шекарасы), МГц*

2-w. Қабылдаудың тасымалдаушы жиілігі, МГц* (жиілік жоспарына сәйкес арналар **)

2-w. Таратудың тасымалдаушы жиілігі, МГц* (жиілік жоспарына сәйкес арналар **)

2-x. Базалық станция сотасының сәйкестендіргіші*(Cell ID/CI)/Қызмет көрсету аймағының коды (SAC)***

2-y. Поляризация:*






 
 3 Бөлім – Сәйкестендіру деректері***

3-a. Базалық станцияның сәйкестендіру нөмірі (BSIC)**




Желінің түстік коды (NCC):*




Базалық станцияның түстік коды (BCC):*






3-b. Орналасу мекенін сәйкестендіргіш (LAI)




Мемлекет коды (MCC):*




Мобильді желі коды (MNC):*




Елді мекен коды (LAC)/ Бақылау аймағының коды (TAC):*








 

4 Бөлім – Қосымша ақпарат

РЖС пайдалануға берілген рұқсаттың нөмірі:




Рұқсат берілген күн:




Рұқсаттың жарамдылық мерзімі:







      Қосымша: Planet форматында антенналарды көлденең/тігінен жазықтықтағы бағыттылығының нормаланған диаграммасы, қабылдап-таратқыштың нормаланған АЖС, жиіліктер торы.

      Мен осы сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сәйкес екенін куәландырамын.


Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)



 

Қолы



 

Лауазымы



 

Күні



 

      Ескертпе: жылжымалы радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына арналған сауалнамада көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * – толтырылуы міндетті жолдар;

      ** – жиілік жоспарына сәйкес арналар - GSM 900, GSM 1800, UMTS, CDMA 450, CDMA 800, LTE, Wi-Fi;

      *** – ұялы байланыстың базалық станцияларына ғана арналған жолдар мен бөлімдер;

      АФҚ – антендік-фидерлік құрылғы;

      АЖС – амплитудалық-жиіліктік сипаттама;

      Вт – ватт;

      С.Е. және Ш.Б. – солтүстік ендік және шығыс бойлық;

      град. – градус;

      дБ – децибел;

      дБи – изотропты децибел;

      м – метр;

      км – километр;

      мкВ – микровольт;

      РЭҚ – радиоэлектрондық құрал;

      BCC- Base station Colour Code (Базалық станцияның түстік коды);

      BSIC – Base Station Identity Code (Базалық станцияның сәйкестендіру нөмірі);

      CDMA – Code Division Multiple Access (Кодтық бөлінуі бар көптік қолжетімділік);

      Cell ID - Cell Identifier (Сота сәйкестендіргіші. GSM және LTE стандарттары үшін көрсетіледі);

      GSM – Global System for Mobile Communications (Мобильді байланыстың жаһандық жүйесі);

      LAC - Location Area Code (Елді мекен коды. GSM және UMTS стандарттары үшін көрсетіледі);

      LAI- Location Area Identification (Орналасу сәйкестендіргіші);

      LTE - Long Term Evolution (Ұзақ мерзімді даму);

      MCC - Mobile Country Code (Мемлекет коды);

      MNC - Mobile Network Code (Мобильді желі коды. Барлық стандарттар үшін көрсетіледі);

      NCC- Network Colour Code (Желінің түстік коды);

      SAC - Service Area Code (Қызмет көрсету аймағының коды. UMTS стандарты үшін көрсетіледі);

      TAC - Tracking Area Code (Бақылау аймағының коды. LTE стандарты үшін көрсетіледі);

      UMTS – Universal Mobile Telecommunications System (Әмбебап мобильді телекоммуникациялық жүйе);

      Wi-Fi – Wireless Fidelity (сымсыз дәлдік).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады