"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 наурызда № 35801 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34933 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 7 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 546 бұйрығымен
1-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар

Конкурс

2.

Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен жүзеге асырылатын объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар

Конкурс

3.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс

4.

Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс

5.

Құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс

6.

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер

Конкурс


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады