БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері
1. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
Бақты |
Абай облысы |
Көлжат |
Алматы облысы |
Нұр Жолы | Жетісу облысы |
2. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
Атамекен |
Түркістан облысы |
3. Қазақстан Республикасының Түркіменстанмен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
Темірбаба | Маңғыстау облысы |
4. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
Ақбалшық |
Қостанай облысы |
Қайрақ |
Қостанай облысы |
5. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
Айша Бибі |
Жамбыл облысы |