"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 18 наурыздағы № 11-1-4/156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 наурызда № 35833 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялаудың (бұдан әрі – ротация) тәртібін анықтайды.";

      12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дипломатиялық қызмет персоналы ұсынылған лауазымға (лауазымдарға) тағайындаудан бас тартқан немесе осы Қағидалардың 10-тармағымен белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасына оралғаны жөнінде хабарламаны ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларына (бұдан әрі – Кадр резервіне қосу қағидалары) сәйкес Министрліктің кадрлық резервіне қосуға жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 3.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.7.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда)



      ";

      реттік нөмірі 4.1.1- жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.1.1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда)



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады