"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 наурызда № 35835 болып тіркелді

      БЕКІТЕМІН:

      1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру осы Қағидалардың 31-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру кезінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен жүкті ұсыну кезінде жүк жөнелтушімен (жүк алушымен), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық жүк тасымалдаушымен тиеу орнын бірлесіп айқындау;

      2) Ұлттық теміржол компаниясымен жүктеу күніне сәйкес Ұлттық теміржол компаниясының және оның еншілес ұйымдарының паркінен жылжымалы құрамды жедел беру, ол болмаған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясы жылжымалы құрамды басқа меншік иелерінен тарту;

      3) жүкті жөнелтушімен техниканы көлік жағдайына дайындау және бекіту деректемелерінің қажетті көлемін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қамтамасыз ету;

      4) жүкті жөнелтуші Ұлттық жүк тасымалдаушымен бірлесіп жылжымалы құрам берілген сәттен бастап он екі сағат ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен техникалық шарттарға сәйкес жүктерді тиеуді қамтамасыз ету;

      5) Ұлттық жүк тасымалдаушымен жылжымалы құрам берілген сәттен бастап он екі сағат ішінде жылжымалы құрамда жүкті дұрыс орналастыру және бекіту бойынша білікті маман ұсыну;

      6) Ұлттық жүк тасымалдаушымен екі сағат ішінде тасымалдау құжаттарын жедел ресімдеу және жүктерді жөнелту;

      7) Ұлттық жүк тасымалдаушымен жүк жөнелтілгеннен кейін екі сағат ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органының жедел штабтарына жүктерді жөнелту жөніндегі ақпаратты және жүктердің межелі станцияға келуінің болжамды күнін беру;

      8) теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен жүк келгенге дейін жүк жөнелтушімен (жүк алушымен), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, жүктердің Ұлттық жүк тасымалдаушысымен бірлесіп түсіру орнын анықтау және тиісті жұмыс күшін дайындау;

      9) Ұлттық жүк тасымалдаушымен тәулігіне 1000 (бір мың) километрге дейін жүктерді жеткізуді қамтамасыз ету;

      10) жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен Ұлттық тасымалдаушымен жылжымалы құрам берілген сәттен бастап үш сағат ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келген жүкті жедел түсіру жөніндегі өзара іс-қимыл жасау және вагондарды түсіру орнына беру;

      11) теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, ұлттық жүк тасымалдаушымен, жүк жөнелтушілермен (жүк алушылармен) бірлесіп жылжымалы құрамды түсіруге берген кезде бос жылжымалы құрамды қайтаруды айқындау және тасымалдау құжаттарын ресімдеу.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады