БҰЙЫРАМЫН:
1. "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары.";
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшамен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы органы болып табылады.
2. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Білім беру ұйымында өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға бекітіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарын тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек бөлу туралы хабарлама дайындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама дайындайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту бойынша хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";
осы Қағидаларғы 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
осы Қағидаларғы 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржылық және материалдық білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көмек көрсету ұйымдардың білім беру" мемлекеттік қызмет көрсету көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан"; |
осы Қағидаларғы 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржылық және материалдық білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көмек көрсету ұйымдардың білім беру" мемлекеттік қызмет көрсету көрсету қағидаларына 6-қосымша" |
|
нысан"; |
осы Қағидаларға 2, 3 және 5-қосымшалар жаңа редакцияда осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"Қаржылық және материалдық білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көмек көрсету ұйымдардың білім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді. |
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы АНЫҚТАМА
20__ - 20__ оқу жылында қаржылық және материалдық көмек көрсетілетін тұлғалар тізіміне
_____________________________________ енгізілген.
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________
Күні, басшының қолы
Мөрдің орны
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы
20__жылғы "__"______ №____ ___________________ ___________________
(орналасқан жері) (уақыты мен күні)
1. Қамқоршылық кеңесінің құрамы: ___________________________________
(құрамын көрсету) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
2. Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:
Р/с № | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білім алушының/тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сыныбы | Күні/өтініш нөмірі | Көмек түрі | |
Қаржылық | Материалдық | ||||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
Жалпы |
3. Қамқоршылық кеңесі растайтын құжаттармен бірге өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:
Р/с № | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білім алушының/ тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сыныбы | Күні/ өтініш нөмірі | Санаты | Қаржылай көмек, теңге | Материалдық көмек | |
түрі | сомасы, теңге | ||||||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
Жалпы |
2) __________________________________________________ (негіздеме)
себебі бойынша көмек көрсетуден бас тартылсын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
Қолдайды ______ дауыс (қамқоршылық кеңесі өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));
Қарсы ______ дауыс (қамқоршылық кеңесі өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).
Қамқоршылық кеңесінің өкілдері:
_______________ ___________________
_______________ ___________________
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға
_______________ _____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы