"Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 наурызда № 35871 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Аң аулау қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау қағидаларына 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 27 наурыздағы
№ 74 бұйрыққа
қосымша
  Аң аулау қағидаларына
11-қосымша

Аң аулауды өткізу мерзiмдерi

Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазаннан 15 ақпанға дейін

Кәдiмгi тиiн

20 қазаннан 15 ақпанға дейін

Қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, аққалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (ақ қоян, ор қоян)

1 қарашадан 15 ақпанға дейін (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап)

Құм қоян

1 қарашадан бастап, 31 қаңтарды қоса алғанда

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап, 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

5 маусымнан бастап ұйқыға кеткенге дейін оңтүстік аймақта***
15 маусымнан бастап ұйқыға кеткенге дейін солтүстiк аймақта**

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз бен 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – тамыздың соңғы сенбісінен 30 қарашаға дейін.
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстары қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін.
Атырау облысы – 15 қырүйектен 15 желтоқсанға дейін.
Маңғыстау, Түркістан облыстары – қыркүйектің екінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін.
(аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз бен 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30 қарашаға дейін

Құр

қыркүйектің бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін (15 тамыздан бастап аңшылық иттермен және құстармен аң аулау) (аталықтарды көктемгі аң аулауға 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде рұқсат етіледі)

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)

қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30 қараша аралығында аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. (тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қатер төнген, материалдық залал келтірген жағдайда, уәкілетті органның және жерілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының аң аулау мерзімдеріне қарамастан қоңыр аюды атуға жол беріледі)

Борсық

оңтүстік өңірлерде 1 қыркүйектен бастап 15 желтоқсанға дейін***,
солтүстік өңірлерде 1 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін**

Жанат тектес ит

1 қыркүйектен ұйқыға кеткенге дейін

қабан, құдыр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен 31 желтоқсанға дейін

Сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, аскания бұғысы, бұлан

15 шілдеден аталықтарына, 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін аналығы мен төлдеріне

Саңырау құр

1 қазан мен 30 қараша аралығында, аталықтарын көктемгi аулауға 10 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазаннан бастап 15 желтоқсанға дейін

Құндыз

15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін

Қырғауыл

1 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап)

Қасқыр

1 қарашадан бастап 1 наурызға дейін

      Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.

      ** – солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Ұлан, Алтай, Глубокое, Шемонаиха, Үлкеннарын, Марқакөл аудандары, сондай-ақ Риддер қаласының әкімшілігіне бағынысты жерлер, Абай облысының Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Жаңасемей аудандары, сондай-ақ Семей қаласының әкімшілігіне бағынысты жерлер.

      *** – оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары, Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Зайсан аудандары, Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандары..

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады