Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:

      Қағидалардың 9-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларында:

      8-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) заттай түрде көрсетілген көмек:

      дәрілік препараттар;

      санаторий-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек;

      бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек;";

      8-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекші ететін вице-министрге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 95 бұйрығына
қосымша
  Атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау және
төлеу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесі

      1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тізбесі:

      1) кәсіптік оқуға жіберу;

      2) азаматтар мен қандастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;

      3) жастар практикасына жіберу;

      4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

      5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;

      6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;

      7) қоғамдық жұмыстар.

      2. Әлеуметтік бейімдеу шараларының тізбесі:

      1) Кодекстің 161-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау және оңалту шаралары;

      2) Кодекстің 13 бөліміне сәйкес мұқтаждықта жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер;

      3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету;

      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;

      5) мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін көрсету;

      6) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу;

      7) "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген), "Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік тексеріп-қараудан өту;

      8) жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылау;

      9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету;

      10) мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою;

      11) білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру;

      12) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

      13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;

      14) әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады