Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:
1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;
3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.".
2. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
81-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі