"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2025 жылғы 8 сәуірде № 35954 болып тіркелді

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, 29-бабының 7 және 8-тармақтарына және 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 7), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау (бұдан әрі – бағалау) Агенттіктің кадр қызметімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында (ақпараттық жүйе) қалыптастырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Агенттіктің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) бағалау жүргізу үшін ақпаратты Агенттіктің кадр қызметіне қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады, сонымен қатар, автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында (ақпараттық жүйе) қалыптастырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) кадр ресуртстарын тиімді пайдалану;

      2) қызметкерлердің аттестаттаудың нәтижелілігі;

      3) қызметкерлерді оқыту.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өлшемшарт "Қызметкерлердің аттестаттаудың нәтижелілігі";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қызметкерлердің аттестаттаудың нәтижелілігі" өлшемшарты бойынша (бұдан әрі – 2 өлшемшарт) бағалау есепті кезеңде аумақтық органдар қызметкерлерінің қызметіне аттестаттау нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.";

      23 және 24-тармақтар алып тасталсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қорытынды баға "Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі", "Қызметкерлердің аттестаттаудың нәтижелілігі", "Қызметкерлерді оқыту" барлық өлшемшарттар бойынша алынған нәтижелерді қосу арқылы анықталады. Сонымен қатар баллдардың жалпы сомасынан төменгі көрсеткіш баллдары алынып тасталады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Алынған бағалау нәтижелеріне сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету бойынша аумақтық органын қызметінің тиімділік дәрежесі анықталады.

      Аумақтық органын қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесі бағалау көрсеткішінің 8-тен 10 баллына дейін, орта деңгейі – 5-тен 7 баллына дейін, төменгі деңгейі – 2-ден 4 баллға дейін сәйкес келеді. 2 баллдан төмен бағалау нәтижесін көрсеткен аумақтық органның қызметі тиімсіз деп танылады.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс стандарттарын сақтау (сақтамау) туралы ақпарат қызметкерлерді аттестаттау кезінде қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жұмыс стандарттарын белгілеуге байланысты құжаттар сонымен қатар автоматтандырылған ақпараттық база (ақпараттық жүйе) арқылы да рәсімделеді.";

      осы бұйрықтың 7, 8 және 9 қосымшалары алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2025 жылғы 7 сәуірдегі
№ 67 бұйрығына
қосымша
  Сыбайлас жемкорлыққа қарсы
қызметтегі кадрмен қамтамасыз
ету және кадр саясаты
субъектілерінің жұмыс сапасы
нәтижелерін бағалау
әдістемесіне
қосымша

      Нысан

Кадрлық қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасының нәтижелері туралы қорытынды

      _______________________________________________________________________

                        (аумақтық органның атауы)

      _______________________________________________________________________

                        (есептік кезең)

Бағалаудың критерийлері Баллдар

1

Кадр ресурстарын пайдаланудың тиімділігі


2

Қызметкерлердің аттестаттау нәтижелілігі


3

Қызметкерлерді оқыту



ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:



Түзетуші көрсеткіштер:


4

Қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісі


5

Қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі


6

Әлеуметтанушылық мониторинг нәтижелері



ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА:


      Агенттіктің аумақтық органының кадрлық қамтамасыз етуін және жұмыс сапасының нәтижелерін бағалау критерийлері бойынша талдау:

      Тұжырымдар мен ұсынымдар:

      Агенттіктің кадр қызметінің басшысы

      ___________________             _______________________________

      (қолы)                   (қойылған қолды ашып жазу)

      Аумақтық органның басшысы

      ___________________             _______________________________

      (қолы)                   (қойылған қолды ашып жазу)

      20___жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады