Қостанай-Денисовка жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 сәуірде № 35973 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Қостанай – Денисовка учаскесі километр (бұдан әрі – км) 545+000 км – 385+000 км (А-22) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар I-б және II санатты Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Қостанай – Талапкер – Айсары – Костомар – Жосалы – Новонежинка – Озерное – Аманқарағай – Әулиекөл – Новоселовка – Диевка – Қосағал – Раздольное – Аралкөл – Уркаш – Алтынсарино – Адаевка – Бестобе – Ливановка – Денисовка" автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –545+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –385+000 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б және II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны – екі бағытта – 2 және 1 жолақ;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 151 км;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
`1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

547-549 км

Қостанай қаласы

521 км

Перцевка ауылы

503-510 км

Рудный қаласы

Бейімбет Майлин Ауданы

484 км

Набережное кенті

460 км

Тобыл станциясы

459 км

Ленинский ауылы

448 км

Валерьяновка ауылы

445 км

Лисаковск қаласы

Денисов ауданы

414 км

Перелески ауылы

394 км

Алчановка ауылы

386 км

Денисовка қаласы

  бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Қостанай – Денисовка учаскесі 545+000 км – 385+00 км (А-22) ("Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" I-б және II санатты жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)):

      АЕК:

р/с №

Аймақтар

Жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7

8



Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

1

545 + 000 км - 528 + 000 км (17 км)

0,0110

0,0093

0,0298

0,0252

0,0601

0,0510

0,0902

0,0767

0,1203

0,1022

0,1500

0,1274

2

528 + 000 км - 510 + 000 км (18 км)

0,0117

0,0099

0,0315

0,0267

0,0637

0,0540

0,0955

0,0812

0,1273

0,1082

0,1589

0,1349

3

501 + 000 км –485 + 000 км (16 км)

0,0104

0,0088

0,0280

0,0237

0,0566

0,0480

0,0849

0,0722

0,1132

0,0962

0,1412

0,1199

4

485 + 000 км – 440 + 000 км (45 км)



0,0788

0,0667

0,1592

0,1349

0,2387

0,2031

0,3183

0,2706

0,3971

0,3373

5

440 + 000 км – 385 + 000 км (55 км)



0,0963

0,0815

0,1945

0,1649

0,2918

0,2483

0,3891

0,3307

0,4854

0,4122


Барлық маршрут үшін барлығы бір бағытта (151 км)

0,0331

0,0280

0,2645

0,2238

0,5341

0,4527

0,8011

0,6816

1,0682

0,9079

1,3327

1,1317

      1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

қарастырылмаған

2 АЕК

4 АЕК

6 АЕК

8 АЕК

10 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

80 АЕК

100 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік- аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.

      Ескерту:

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш;

      км - километр;

      м - метр;

      т - тонна.

  бұйрығына
3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы

1

Қостанай қаласы

2

Перцевка ауылы

3

Рудный қаласы

Бейімбет Майлин ауданы

4

Юбилейное ауылы

5

Набережное ауылы

6

Тобыл станциясы

7

Ленинское ауылы

8

Әйет ауылы

9

Валерьяновка ауылы

10

Лисаковск қаласы

Денисов ауданы

11

Перелески ауылы

12

Әлшан ауылы

13

Денисовка қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады