"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 269) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Радиоэлектрондық күрес департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 391 бұйрығымен бекітілген |
Қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдарға қолданылады.
3. Радиожиілік спектрі (бұдан әрі – РЖС) байланыс саласында шектеулі ұлттық ресурс болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілікті қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) беретін рұқсат құжаттарының болуымен куәландырылады.
4. Жиілік белдеуін бөлу Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц – 400 ГГц дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі" (бұдан әрі – Кесте) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) және ҚР ҚМ бекітетін радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес, Халықаралық электр байланысы одағының (бұдан әрі – ХЭБО) Бас хатшысы бекітетін ХЭБО радиобайланыс регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (ХЭБО радиобайланыс регламентіндегі барлық жаңарту Бүкіләлемдік радиобайланыс конференциясы өткізілгеннен кейін жүргізіледі).
5. ҚР ҚМ РЖС, жиілік белдеуін тиімді пайдалану мақсатында ҚР ҚМ радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдар үшін РЖС-ны перспективалық пайдалану жоспарын әзірлейді.
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беру (тағайындау) (беру (тағайындау) (бұдан әрі – ЖБ, РЖ (РЖА) – радиожиілік органы РЖС пайдаланушысына РЭБ қолданумен осы рұқсатта көрсетілетін ЖБ, РЖ (РЖА) пайдалануға беретін РЖС пайдалануға рұқсат;
2) жоғары жиілік құрылғысы (бұдан әрі – ЖЖҚ) – телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіп, ғылым, медицина, тұрмыстық немесе басқа да мақсатта электромагниттік энергияны генерациялау және пайдалану үшін арналған жабдық және (немесе) аспап;
3) радиоэлектрондық құрал (бұдан әрі – РЭҚ) – радиотолқынды беру және (немесе) қабылдау үшін арналған және бір немесе бірнеше беру және (немесе) қабылдау құрылғысынан немесе көмекші жабдықты қоса алғандағы комбинациядан тұратын техникалық құрал
4) өтініш беруші – РЭҚ ЖБ, РЖ (РЖА) және ЖЖҚ бөлуге және (немесе) беруге (белгілеуге) өтінім беретін, ҚР ҚМ радиожиілік қамтамасыз етуінде тұратын мемлекеттік органдар;
5) РЖС пайдалануға рұқсат – ҚР ҚМ берген құжат(тар), оның негізінде штаттық пайдалану үшін үкіметтік мақсаттағы РЭБ жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беру жүзеге асырылады;
6) радиожиілік спектрі (бұдан әрі – РЖС) – 3 кГц – 400 ГГц дейінгі диапазонда радиожиіліктің белгіленген жиынтығы;
7) радиожиілік органы (бұдан әрі – РЖО) – "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 1-тармағы 47-тармақшасына сәйкес жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлуді, таңдап алуды және беруді, сондай-ақ оларды пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
8) радиобақылау – радиосәулеленуге техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғысын инспекциялау, радокедергі дереккөзінің әрекетін, радиожиілікті пайдалану тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғысының сәулелену параметрі стандарттары мен нормаларын бұзуды айқындау және алдын алу арқылы қолжетімді кедергі деңгейімен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғысын пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
9) РЖС пайдаланушы – жиілік белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (белгіленген) мемлекеттік орган;
10) ұлттық кесте – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц – 400 ГГц дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі"
11) электромагниттік үйлесімділік (бұдан әрі – ЭМҮ) – техникалық құрылғының берілген электр магниттік ортада берілген сапамен жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік кедергі жасамау қабілеті;
2-тарау. Қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беру тәртібі
7. Жиілік белдеуін беру РЖС-ға қолжетімділікті айқындайды және ЖБ, РЖ немесе РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін РЖА бөлу туралы шешімді біртіндеп алу, сондай-ақ РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беруге (белгілеуге) рұқсат алу арқылы жүзеге асырылады.
8. ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу РЭҚ жаңа технологиясы мен стандарттарын енгізу кезінде, сондай-ақ пайдалануға түсетін жаңа РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ әзірлеу (жаңғырту), шығару және пайдалану (тәжірибелік пайдалану) үшін жүзеге асырылады.
9. ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлуге өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жоспарланатын радиожелінің (радиожолақтың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, пайдалануға жоспарланған РЭҚ-тың техникалық сипаттамасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қамтылған сұратылатын радиожиілік белдеуіне (номиналына) негіздеме келтірілетін еркін нысандағы түсіндірме жазба, байланысты ұйымдастыру схемасы;
3) осы Қағидаларға 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне РЭҚ-ға толтырылған сауалнама;
10. ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлуге өтінімді қарау:
1) өтінімді ресімдеу толықтығы мен дұрыстығын тексеруді;
2) ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу немесе бөлуден бас тарту туралы шешім қабылдауды;
3) РЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу немесе бөлуден бас тарту туралы шешімді ресімдеуді қамтиды.
11. ҚР ҚМ ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу туралы шешім қабылдау кезінде:
1) сұрау салынған ЖБ, РЖ мен РЖА-ның Ұлттық кестеге, мәлімделген РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ параметрінің талаптарға, сондай-ақ түсіндірме жазбада мазмұндалған мәліметке сәйкестігін;
2) РЖҚ-ның үкіметтік мақсаттағы электрондық дерекқорға және азаматтық мақсаттағы РЭҚ-ға берілген радиожиілік дерекқорына жүктелуін;
3) бос ЖБ, РЖ немесе РЖА-ның болуын, сондай-ақ РЭҚ-ны пайдалану жоспарланған белгілі нақты елді мекендегі (өңірдегі) қалыптасқан электромагниттік жағдайды;
4) РЭҚ ЭМҮ-ге және (немесе) ЖЖҚ-ға сараптама жүргізілген жағдайда оның қорытындысын ескереді.
12. ҚР ҚМ-да ЖБ, РЖ (РЖА) бөлуге өтінімді қарау мерзімі сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайды. ХЭБО-ға қатысушы елдермен халықаралық келісу қажет болған жағдайда қарау мерзімі төрт айға дейін ұзартылады.
13. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлуден бас тарту туралы дәлелді шешімге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Радиоэлектрондық күрес департаментінің бастығы (бұдан әрі – ҚР ҚК БШ РЭКДБ) қол қояды.
14. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу туралы шешімге ҚР ҚК БШ РЭКДБ қол қояды.
15. ҚР ҚМ-да ҚР ҚМ-ның радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдардың РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА бөлу туралы мәліметтерді есепке алу жүзеге асырылады, ол үкіметтік мақсаттағы радиожиіліктің электрондық дерекқорына енгізіледі.
16. Жиілік белдеуін беру рәсімі барысында ҚР ҚМ-ның радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдардың РЭҚ мен ЖЖҚ ЭМҮ-нің сақталуын бақылау үшін ЭМҮ-ні есептеу рәсімі жүргізіледі. ЭМҮ-ні есептеуді ұсынылған құжаттар және үкіметтік мақсаттағы РЭҚ мен ЖЖҚ есепке алу дерекқоры негізінде ҚР ҚК БШ РЭКД радиожиілік спектрін үйлестіру мамандары жүзеге асырады:
1) оң нәтиже болғанда радиожиілік белдеуінің (номиналының) деректерін келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді;
2) теріс нәтиже болғанда ҚР ҚМ радиожиілік спектрін үйлестіру мамандары радиожиіліктің (номиналдың) басқа (бос) белдеуін таңдап алу бойынша іс-шаралар кешенін орындайды.
17. Осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгіленген қызмет радиоэлектрондық құралының электромагниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы және жылжымалы қызмет радиоэлектрондық құралының электромагниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы ҚР ҚМ-да сақталады.
18. Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу шеңберінде ҚР ҚМ радиожиілік спектрін үйлестіру мамандары жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі қаңтар – ақпан кезеңінде бос емес номиналды, жиілік белдеуін айқындау және пайдаланылмайтын номиналды, жиілік белдеуін босату мақсатында жиілік спектрін түгендейді.
19. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ (РЖА) номиналын беру (тағайындау) ЖБ, РЖ немесе РЖА белдеуін бөлу туралы ҚР ҚК БШ РЭКД тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады. ЖБ, РЖ (РЖА) беру (белгілеу) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ нақты типі үшін жүргізіледі.
20. Өтініш беруші ҚР ҚМ-ға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат ету құжаттарын алу, ЖБ, РЖ немесе РЖА таңдау үшін мәліметтерді қоса беріп, РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА беруге (белгілеуге) өтінім жібереді.
21. ҚР ҚК БШ РЭКД лауазымды адамдары РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беру немесе беруден (белгілеуден) бас тарту туралы шешімді пысықтайды.
22. РЖ (РЖА) беруге (белгілеуге) өтінімді қарау кезінде ҚР ҚК БШ РЭКД:
1) бос ЖБ, РЖ (РЖА) болуын және РЭҚ-ны пайдалану жоспарланған нақты елді мекенде (өңірде) қалыптасқан электромагниттік жағдайды ескереді, бос ЖБ, РЖ (РЖА) болмаған жағдайда РЭҚ-ның және (немесе) ЖЖҚ-ның жұмыс істеуі өзара кедергісіз жүзеге асырылатын жақын РЖС диапазонында ЖБ, РЖ (РЖА) таңдап алу жүзеге асырылады;
2) жиілік-аумақтық тозу мәнін, радиожиілік органдары белгілейтін РЖС және РЭҚ-ны пайдалану шарттары мен шектеуін ескереді.
23. ҚР ҚМ-да РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беру (белгілеу) өтінімін қарау мерзімі сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайды. ХЭБО-ға қатысушы елдермен халықаралық келісу қажет болғанда қарау мерзімі төрт айға дейін ұзартылады.
24. ҚР ҚМ осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі 5 жыл мерзімге ұзартумен, РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдалану үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беруге (белгілеуге) рұқсат береді, оған ҚР ҚК БШ РЭҚДБ қол қояды. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ үшін ЖБ, РЖ немесе РЖА беруге (белгілеуге) түскен өтінімдер және берілген рұқсатты электрондық базада бір уақытта тіркеумен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыға жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беру (белгілеу) журналында есепке алынады.
25. Егер өтінімде көрсетілген РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ-ны орналастыру орны мен сипаттамасы өзгерсе, РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдалану үшін ЖБ, РЖ (РЖА) беруге (белгілеуге) рұқсат жарамсыз болады.
26. Осы Қағидаларға сәйкес ЖБ, РЖ (РЖА) берілген (белгіленген сәтке дейін Қазақстан аумағында РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланушысына РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдалануға жол берілмейді.
27. ҚР ҚМ РЖС реттеу шеңберінде техникалық құжаттаманы және рұқсатты, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғысының параметрін, сондай-ақ бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының (аспаптық бақылау) көмегімен оның жұмыс режимін құжаттамалық бақылау арқылы үкіметтік мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ сәулеленуін радиобақылауды жүзеге асырады.
28. Бақылау тапсырмаларын шешу үшін бақылау тәсілі таңдап алынады. Бақылау тәсілін таңдап алу олардың жіктелуін айқындайтын әртүрлі факторды ескеріп жүзеге асырылады. Радиобақылауға қатысты бақылаудың негізгі тәсілдері:
1) орталықтандырылған басқару және жеке байланыс арнасын пайдаланып, бақылау нәтижесін ұсыну кезінде еркін іздестірумен қажетті жиілік диапазонын кезең-кезеңімен қарап аймақтық бақылау;
2) орталықсыздандырылған басқару және тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін басшылыққа бақылау нәтижесін ұсыну кезінде берілген жиілікті немесе диапазон учаскесін үздіксіз қараумен объектілік бақылау болып табылады.
29. Радиобақылауды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы немесе оның орнындағы адам бекіткен радиобақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес 43988 әскери бөлімі жүргізеді.
30. Радиобақылаудың жоспар-кестесі ҚР ҚМ-да әр тоқсанға жасалады және оны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) тоқсан басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын бекітеді.
31. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ мәлімделген сипаттамасына сәйкес келмеу, РЭҚ-ны және (немесе) ЖЖҚ-ны пайдаланушылардың рұқсат етілмеген жиілікті пайдалануы анықталған кезде атқарушы орган мәлімделген сипаттамаға сәйкес келтіруге немесе рұқсат етілмеген жиілікті пайдалануды тоқтатуға хабарлама жібереді.
32. Тиісті рұқсатсыз радиокедергіні және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғының әрекетін анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) жүргізеді.
33. Тіркелген РЭҚ мен ЖЖҚ жұмысында кедергі туындаған жағдайда кедергімен сыналған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғының иелері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғы техникалық параметрінің, оның ішінде қабылдау құрылғысының іріктеу және қорғаныш қасиетінің нормалар мен стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізуге тиіс. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, РЭҚ иелері сипаттаманы нормаларға сәйкес келтіру немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыны ауыстыру бойынша шара қабылдайды.
34. Басқа (бөгде-есепке алынбаған) РЭҚ мен ЖЖҚ-дан сәулелену салдарынан кедергі туындаған жағдайда кедергімен сыналған РЭҚ және ЖЖҚ иесі қамтамасыз етуде тұрған РЖО-ға жүгінеді:
1) РЖО кедергі дереккөзі мен сипаттамасын, олардың туындау себебін айқындау жұмысын ұйымдастырады және оларды жоюға шара қабылдайды;
2) арнайы және әскери мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ үшін кедергі дереккөзі мен сипатын, олардың туындау себебін айқындау жөніндегі іс-шараларды ҚР ҚМ жүргізеді;
3) белгіленген параметрдің және (немесе) жұмыс режимінің бұзылуы, РЭҚ және ЖЖҚ қабылдау құрылғысының іріктеу немесе қорғаныш қасиетінің нашарлауы және жақын орналасқан РЭҚ мен ЖЖҚ-ның өзара әсерімен негізделген интермодуляциялық сипат кедергісінің салдарынан ҚР ҚМ қасақана емес кедергіні жою бойынша нұсқама немесе ұсыным береді;
4) берілген жиілікте кедергіні жою мүмкін болмаған жағдайда РЖО жаңа радиожиілік береді;
5) өнеркәсіптік немесе технологиялық сипаттағы қасақана емес кедергінің салдарынан ҚР ҚМ кедергі дереккөзін айқындау бойынша шара қабылдайды және оларды жою бойынша ұсыным береді.
35. "Үкіметтік мақсаттағы" және "бірлесіп пайдаланылатын" санаттағы жиілік белдеуінде үкіметтік мақсаттағы РЭҚ ЖБ, РЖ (РЖА) басым пайдалануды қолданады.
36. Қазақстан Республикасының аумағында дереккөзі бар радиокедергіге шет мемлекеттердің байланыс әкімшілігінен талап қою түскен кезде РЖО халықаралық келісімге сәйкес осы талап қоюдың құқықтық негізін айқындайды, егер талап қою негізделген болса, кедергі себебін белгілейді және оларды жою бойынша шара қабылдайды.
37. Егер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан РЭҚ мен ЖЖҚ басқа (шектес немесе іргелес) мемлекеттердің аумағында орналасқан көзден кедергімен сыналатын болса, РЖО халықаралық келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы РЭҚ мен ЖЖҚ иелерінің мүддесін қорғау мақсатында кедергіні жою бойынша шара қабылдайды.
38. ҚР ҚМ РЖС-ны реттеу шеңберінде "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ерекше маңызды арнайы жұмысы мен іс-шараларын жүргізу кезінде әскери және азаматтық мақсаттағы РЭС-ны пайдалануға уақытша тыйым салуды (шектеуді) енгізу ережесі, тәртібі туралы шешіміне" сәйкес мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етуге және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ерекше маңызды іс-шараларын және арнайы жұмысын жүргізу кезінде РЖС мен ЖЖҚ-ны пайдалануға уақытша тыйым салуды енгізуге жауапты болады.
39. РЖС пайдалануға уақытша тыйым салу (шектеу) ерекше маңызды іс-шараларды және арнайы жұмыс жүргізу кезінде пайдаланылатын РЭҚ-ның қасақана емес (өзара) кедергісін болдырмау үшін қабылданатын төтенше шара болып табылады.
40. РЖС пайдалануға жоспарлы уақытша тыйым салу (шектеу) бір жылға РЖС пайдалануға жылдық тыйым салу жоспарына (бұдан әрі – жылдық тыйым салу жоспары) сәйкес енгізіледі.
41. РЖС пайдалануға жедел уақытша тыйым салу (шектеу) жылдық тыйым салу жоспарында көзделмеген аса маңызды іс-шаралар және арнайы жұмыс кезінде енгізіледі.
42. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдарға бөлінген немесе берілген жиіліктерге уақытша тыйым салу кезінде органдармен келісу рәсімі жүргізіледі.
43. Жылдық тыйым салу жоспары үзіндісінің негізінде мемлекеттік органдарда маңызды РЭҚ-ны, сондай-ақ аса маңызды іс-шараларды және арнайы жұмыс кезінде пайдаланылатын РЭҚ-ны қасақана емес кедергіден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарланады. Көрсетілген іс-шаралар мүдделі РЖС пайдаланушыларына жеткізіледі және РЖС пайдалануға уақытша тыйым салуды (шектеуді) енгізу уақытында жүргізіледі.
44. Жауынгерлік кезекшіліктегі РЭҚ-ны қасақана емес кедергіден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұдайы жүргізіледі.
45. Жедел тыйым салуға (шектеуге) өтінім түскен кезде ҚР ҚМ-да оны талдау жүргізіледі, өшіруге жататын РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ-ның типі мен тиістілігі айқындалады, жауынгерлік әзірлікке және әскердің күнделікті қызметіне әсері бағаланады. Көрсетілген іс-шараларды жүргізгеннен кейін оны енгізу туралы тиісті өкім жобасы дайындалады.
46. Өкім мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) басқа (бөтен) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ-ны пайдалануға тыйым салу ұсынылатын шектегі ЖБ-ның жоғары және төменгі шекарасы туралы;
2) РЖС пайдалануға уақытша тыйым салудың (шектеудің) жарамдылық мерзімі туралы;
3) шекарасында РЖС пайдалануға уақытша тыйым салу (шектеу) енгізілетін аудан, тас жол, бағдар туралы.
47. Өкімге ҚР ҚК БШ РЭКДБ қол қояды және жауапты лауазымды адамға тыйым салу (шектеу) басталғанға дейін алты күннен кешіктірмей жеткізіледі.
48. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары уақытша тыйым салуды (шектеуді) енгізу туралы өкімді алғаннан кейін:
1) жұмысына тыйым салуды (шектеуді) енгізу қажет РЭҚ-ны айқындайды;
2) лауазымды адамдарға қажетті нұсқау береді, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады.
49. Аса маңызды іс-шараларды және арнайы жұмыс кезінде уақытша тыйым салудың (шектеудің) орындалуын бақылауды радиоэлектрондық күрес күші мен құралдары жүзеге асырады.
50. Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ-ны пайдалану үшін қолданыстағы және жоспарланатын ЭМҮ есебі (бұдан әрі – есеп) мынадай жағдайда пайдалануға рұқсат беру туралы шешімді пысықтау алдында жүргізіледі:
1) РЖС пайдалануға бастапқы рұқсатты алу;
2) егер бұрын РЖС пайдалануға рұқсат алған кезде есеп жүргізілмесе, РЭҚ мен ЖЖҚ-ны пайдалануға рұқсатты алу;
3) техникалық параметрдің, оның ішінде РЭҚ орнатылған орынның өзгеруі (географиялық координатасының өзгеруі, антенна ілгіш биіктігінің өзгеруі, антенна бағытының өзгеруі), яғни РЭҚ ЭМҮ-нің өзгеруіне әкелетін параметрдің өзгеруі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожилікпен қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органдар
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
4. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
7. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
9. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғы үшін жиілік жолағын, радиожиілікті немесе радиожиілік арнасын бөлуге ӨТІНІМ
1. Өтініш беруші туралы мәлімет ___________________________________
(әскери басқару органының, әскери бөлімнің атауы)
2. Өтініш берушінің пошталық мекенжайы __________________________
3. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ орналасқан орын _________________________
(қолдану аймағы)
4. Телефон/факс нөмірі _____________________________________
Аумақта радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруді сұраймын:
_______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының қала, аудан, облысын көрсету)
5. Қоса берілетін құжаттар:
1. Еркін нысандағы түсіндірме жазба, онда сұратылатын жиілік жолағына (номиналына) негіздеме келтіріледі, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшелігі, байланысты ұйымдастыру сызбасы нақты жазылады;
2. Тиісті байланыс түріне осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес РЭҚ-ға толтырылған сауалнама;
3. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ (радиорелелік желі (бұдан әрі – РРЖ), спутниктік байланыстың жерүсті станциясы (бұдан әрі–СБЖС), теледидар хабар тарату (бұдан әрі – ТХТ) және радио хабар тарату (бұдан әрі – РТ) таратқыштары) орнату пунктін көрсетумен, болжамды қызмет көрсетілетін аймақ учаскесі картасының көшірмесі; үйлестіру аймағы (спутниктік байланыс үшін);
4. Жиілік торы; халықаралық спутниктік ұйыммен келісілген (спутниктік байланыс үшін) трансмиссиялық жиілікті жоспар;
5. РЭҚ ЭМҮ-ны есептеу үшін қажетті деректер тізбесі.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр)
Күні
Ескертпе: қарсы барлау қызметін қамтамасыз ету бойынша байланысты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ жоғары билік және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде 5-тармақтың 3) тармақшасы бойынша мәліметтер ұсынылмайды.
УҚТ, ҚТ диапазонындағы байланыс жүйесінің стационарлық (мобильді-жылжымалы) радиоэлектрондық құралына САУАЛНАМА
1-тарау. Жалпы дерек | |
1-a, 1-b, 1-c. Әрекет ету аймағы | мобильді кешен үшін ҚР аумағы |
1-d. Көше | мобильді кешен үшін көрсетілмейді |
1-e. Үй\Құрылыс | мобильді кешен үшін көрсетілмейді |
1-f. Географиялық координата (С.Ш.) | мобильді кешен үшін көрсетілмейді |
1-f. Географиялық координата(В.Д.) | мобильді кешен үшін көрсетілмейді |
1-g. Өндіруші | |
1-h. Моделі | |
1-i. Типі (Репитер, базалық, стац.) | |
1-j. Байланыс стандарты (хаттама) | |
1-k. Арналуы | |
1-l. Сериялық нөмірі | |
1-m. Шақыру дабылы | |
1-n. Қабылдағыш сезімталдығы, мкВ | |
1-o. Аралық жиілік, МГц | |
1-p. Гетеродинді теңшеу | |
1-q. Көрші арна бойынша таңдаулық, дБ | |
1-r. Интермодуляциялық таңдаулық, дБ | |
1-s. Айналы арна бойынша таңдаулық, дБ | |
1-t. Деректерді тарату жылдамдығы, Мбит/с | |
1-u. Модуляция түрі | |
1-v. Жиілік торының адымы, кГц | |
1-w. Қызмет көрсету аймағының жоспарлы радиусы (км) | |
1-x. Антенна бағыты | |
1-y. Сектордың жалпы саны | |
1-z. Сәуле шығару сыныбы | |
Қажетті жолақ ені | |
Өлш. бірл. | |
Негізгі жеткізгіш модуляциясының типі | |
Негізгі жеткізгіш модуляциялық дабыл сипаты | |
Берілетін ақпарат типі | |
Тығыздау сипаты | |
2. Техникалық дерек | |
2-a. Екіжақты тарату, МГц | |
2-b. Поляризация | |
2-c. -30 дБ деңгейіндегі сәуле шығару жолағының ені, МГц | |
2-d. -30 дБ деңгейіндегі өткізу жолағының ені, МГц |
№ (сектор) | 2-e. Антеннаны өндіруші | 2-f. Антенна моделі | 2-g. Күшейту коэффициенті, дБи | 2-h. Макс.сәуле шығару азимуты, град |
№ (сектор) | 2-i. Антеннаны ілу биіктігі, м | 2-j. Орын бұрышы, град | 2-k. АФҚ-да жоғалу , дБ | 2-l. Қуаты, Вт |
№ (сектор) |
2-m. |
2-n. | 2-o. Қабылдау жиілігі, МГц | 2-p. тарату жиілігі, МГц |
Мен, осы сауалнамадағы мәліметтің толық және нақты екенін растаймын.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр)
Күні
Ескертпе – Жылжымалы байланыс жүйесінің стационарлық радиоэлектрондық құралына сауалнама тізбесінде көрсетілген негізгі қысқарту:
АФҚ | – | антенналық- фидерлі құрылғы; |
АЖС | – | амплитудалық-жиілікті сипаттама; |
Вт | – | ватт; |
град. | – | градус; |
дБ | – | децибел; |
дБи | – | изотропты децибел; |
кГц | – | килогерц; |
км | – | километр; |
м | – | метр; |
Мбит/с | – | секундтағы мегабит; |
МГц | – | мегагерц; |
мкВ | – | микровольт; |
ЖСН/БСН | – | жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі; |
РЭҚ | – | радиоэлектрондық құрал. |
Радиорелелік байланыс желісіне САУАЛНАМА
1. Жалпы деректер | ||
1-a. Атауы* | ||
1-b. Типі* | ||
1-c. Тарату жылдамдығы Мбит/с* | ||
1-d. РРЛ қашықтығы, км* | ||
1-е. РРЛ* конфигурациясының типі | ||
2. Өту сипаттамасы | РРС-1 | РРС-2 |
2-a, 2-b, 2-с. Әрекет ету аймағы* | ||
2-d. Көше* | ||
2-e. Үй\Құрылыс | ||
2-f. Географиялық координата (С.Ш.) * | ГГ-ММ-СС.СС | ГГ-ММ-СС.СС |
2-g. Географиялық координата (В.Д.) * | ГГ-ММ-СС.СС | ГГ-ММ-СС.СС |
3. Қабылдау-тапсыру техникалық деректері | РРС-1 | РРС-2 |
3-a. Өндіруші* | ||
3-b. Моделі* | ||
3-c. Сериялық нөмірі (негізгі): | ||
3-c. Сериялық нөмірі (қосалқы): | ||
3-d. Тарату жиілігі, МГц* | ||
3-e. Қабылдау жиілігі, МГц | ||
3-f. Сәуле шығару сыныбы | ||
Қажетті жолақ ені* | ||
Өлш.бірл.* | ||
Негізгі жеткізгіш модуляциясының типі | ||
Негізгі жеткізгіш модуляциялық дабыл сипаты | ||
Берілетін ақпарат типі | ||
Тығыздау сипаты | ||
3-g. Модуляция типі* | ||
РРС-1 | РРС-2 | |
3-h. Таратқыш қуаты, мВт* | ||
3-i. BER 10-3 кезінде сезімталдық шегі, дБм* | ||
3-j. BER 10-6 кезінде сезімталдық шегі, дБм* | ||
3-k. Дабыл/шуыл қатынасы, дБ* | ||
4. Антенна сипаттамасы | РРС-1 | РРС-2 |
4-a. Өндіруші* | ||
4-b. Моделі* | ||
4-c. Антенна типі* | ||
4-d. Антенна диаметрі, м* | ||
Антенна диаметрі (қосалқы)* | ||
Көлемі (ені х ұзындығы)* | ||
Көлемі (ені х ұзындығы) (қосалқы)* | ||
4-e. Жер деңгейінен антеннаны ілу биіктігі, м* | ||
Жер деңгейінен антеннаны ілу биіктігі, м (қосалқы)* | ||
4-f. Сәуле шығарудың максималды азимуты, град.:* | ||
4-g. Антенна күшейткішінің коэффиценті, дБи* | ||
Антенна күшейткішінің коэффиценті, дБи (резерв)* | ||
4-h. АФҚ(АВТ) элементтеріндегі шығын, дБ | ||
4-i. Поляризация* |
Мен, осы сауалнамадағы мәліметтердің толық және нақты екенін растаймын.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр)
Күні
Ескертпе – радиорелелік желіге сауалнама тізбесінде көрсетілген негізгі қысқарту:
АФҚ | – | антенналық-фидерлік құрылғы; |
АЖС | – | амплитудалық-жиілікті сипаттама; |
дБ | – | децибел; |
дБи | – | изотропты децибел; |
км | – | километр; |
м | – | метр; |
Мбит/с | – | секундтағы мегабит; |
МГц | – | мегагерц; |
РРЖ | – | радиорелелік желі |
РРС | – | радиорелелік станция; |
BER | – | Битті ықтимал қате |
Сымсыз радиобайланыс жүйесінің (WLL) радиоэлектрондық құралына САУАЛНАМА
1. Жалпы дерек | |
1-a, 1-b, 1-c. Әрекет ету аймағы | |
1-d. Көше | |
1-e. Үй\Құрылыс | |
1-f. Географиялық координата (С.Ш.) | |
1-f. Географиялық координата (В.Д.) | |
1-g. Байланыс стандарты | |
1-h. Модуляция түрі | |
1-i. Көрші арна бойынша таңдаулық, дБ | |
1-j. Интермодуляциялық таңдаулық, дБ | |
1-k. Антенна бағыты | |
1-l. Сектордың жалпы саны | |
1-m. Wi-Fi стандарты бойынша жиілікті жоспар | |
1-n. Құрылғы өндірушісі | |
1-o. Құрылғы моделі | |
1-p. Қабылдағыш өндірушісі | |
1-q. Қабылдағыш моделі | |
1-r. Сериялық нөмірі | |
1-s. Қабылдағыштың сезімталдығы, мкВ | |
1-t. Поляризация | |
1-u. Қызмет көрсету аймағының жоспарлы радиусы (км) | |
1-v. Деректер беру жылдамдығы, Мбит/с | |
1-w. Сәуле шығару сыныбы. Қажетті жолақ ені | |
Өлш. бірл. | |
Негізгі жеткізгіш модуляциясының типі | |
Негізгі жеткізгіш модуляциялық дабылдың сипаты | |
Берілетін ақпарат типі | |
Дабыл туралы нақты дерек | |
Тығыздау сипаты |
№ | 2-e. Антеннаны өндіруші | 2-f. Антенна моделі | 2-g. Күшейту коэффициенті, дБи | 2-h. Макс. сәуле шығару азимуты, град | 2-i. Антеннаны ілу биіктігі, м | 2-j. Орын бұрышы, град | 2-k. АФҚ-да жоғалу, дБ |
№ (сектор) |
2-h. Тарату қуаты | 2-i. Қабылдау жиілігі (мин.шекара), МГц | 2-j. Қабылдау жиілігі (мин.шекара), МГц | 2-k. Тарату жиілігі (мин.шекара), МГц | 2-l. Тарату жиілігі (мин.шекара), МГц | 2-m. Негізгі жиілігі, МГц | 2-n. Негізгі тарату жиілігі, МГц |
Мен, осы сауалнамадағы мәліметтердің толық және нақты екенін растаймын.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр)
Күні
Ескертпе – Сымсыз радиобайланыс жүйесі (WLL) радиоэлектрондық құралы сауалнамасының тізбесінде көрсетілген негізгі қысқарту:
АФҚ | – | антенналық-фидерлі құрылғы; |
АЖС | – | амплитудалық-жиілікті сипаттама; |
Вт | – | ватт; |
град. | – | градус; |
дБ | – | децибел; |
дБи | – | изотропты децибел; |
кГц | – | килогерц; |
км | – | километр; |
м | – | метр; |
Мбит/с | – | секундтағы мегабит; |
мкВ | – | микровольт; |
ЖСН/БСН | – | жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі; |
РЭҚ | – | радиоэлектрондық құрал; |
СБР | – | сымсыз радиобайланыс жүйесі; |
Wi-Fi | – | WirelessFidelity (сымсыз дәлдік); |
WLL | – | Wirelesslocolloop (сымсыз радио қолжетімділік жүйесі). |
Жерүсті спутниктік байланыс станциясына САУАЛНАМА
1. Жалпы дерек
1-a, 1-b, 1-c. Әрекет ету аймағы | |
1-d. Көше | |
1-e. Үй\Құрылыс | |
1-f. Географиялық координата (С.Ш.) | |
1-f. Географиялық координата (В.Д.) | |
1-h. Арналуы | |
1-i. Қолжетімділік түрі |
2. Таратқыштың техникалық сипаттамасы
2-а. Өндіруші | |
2-b. Модель | |
2-с. Сериялық нөмірі | |
2-d. Қуаты, Вт | |
2-e. Модуляция түрі | |
2-f. Беруге номиналды жиілік, МГц | |
2-g. Жолақ ені, кГц | |
2-h. Сәулелену сыныбы | |
Қажетті жолақ ені | |
Өлш.бірл. | |
Негізгі жеткізгіш модуляциясының типі | |
Негізгі жеткізгішті модуляциялау дабылының сипаты | |
Берілетін ақпарат типі | |
Дабыл туралы нақты дерек | |
Тығыздау сипаты | |
2-i. Деректерді беру жылдамдығы, Мбит/с |
3. Қабылдағыштың техникалық сипаттамасы
3-a. Сезімталдығы, dBm/мкВ | |
3-b. Қабылдау жүйесінің шуылды температурасы, К | |
3-с. Қабылдаудың жиілік номиналы, МГц | |
3-d. Жолақ ені, кГц | |
3-e. Сәулелену сыныбы | |
Қажетті жолақ ені | |
Өлш.бірл. | |
Негізгі жеткізгіш модуляциясының типі | |
Негізгі жеткізгішті модуляциялау дабылының сипаты | |
Берілетін ақпарат типі | |
Дабыл туралы нақты дерек | |
Тығыздау сипаты | |
3-f. Дабыл/шуыл қатынасы (С/N), dB |
4. Антенна сипаттамасы
4-a. Өндіруші | |
4-b. Моделі | |
4-с. Диаметрі, м | |
4-d. Жер деңгейінен антеннаны ілу биіктігі, м. | |
4-e. Орын бұрышы, град | |
4-f. Сәуле шығарудың максималды азимуты, град. | |
4-g. Қабылдауға поляризация | |
4-h. Беруге поляризация | |
4-i. Қабылдау күшейткішінің коэффиценті, дБи | |
4-j. Жіберу күшейткішінің коэффиценті, дБи | |
4-k. ДН ені, көлбеу жазықтықтағы град | |
4-l. ДН ені, тік жазықтықтағы град | |
4-m. Бүйірдегі жапырақшаның сипаттамасы |
5. ЖЖС бойынша дерек
5-a. ЖЖС | |
5-b. Тұру нүктесі | |
5-с. Сәуле атауы |
Мен, осы сауалнамадағы мәліметтердің толық және нақты екенін растаймын.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр)
Күні
Ескертпе – жерүсті станцияға сауалнама тізбесінде көрсетілген негізгі қысқарту:
* - РЭҚ оның балансында тұрған физикалық және/немесе заңды тұлға;
Вт – ватт;
град. – градус;
дБ – децибел;
дБи – изотропты децибел;
БД – бағытталу диаграммасы;
дБм/мкВ – децибел-милливатт/ микровольт;
м – метр;
Мбит/с – секундтағы мегабит;
кГц – килогерц;
МГц – мегагерц;
К –Кельвин;
ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖЖС – жердің жасанды серігі;
СБЖС – спутниктік байланыстың жерүсті станциясы;
РЭҚ – радиоэлектрондық құрал.
Тұрақты қызмет радиоэлектрондық құралдарының электромагниттік үйлесімділігіне сараптама қорытындысы
_______________________________________________________________
РЭС түріне ______________________________________________ мынадай
деректермен берілді:
Орнату пункті
_______________________________________________________________
(толық мекенжайы)
Географиялық координатасы:
бойлық ____________________; ендік______________________________;
(градус, минут, секунд) (градус, минут, секунд)
Техникалық дерек:
Таратқыш қуаты, [Вт]_____________; Сәуле шығару класы_____________;
Пайдаланылатын арна саны
______________________________________________________________;
Қабылдау/беру жиілігі, МГц немесе жиілік жолағы
______________________________________________________________;
Сезімталдық, [мкВ]___________; Байланыс стандарты (хаттама)_______;
Модуляция түрі
_______________________________________________________________
Антенна сипаттамасы:
Антенна түрі____________; Антенна диаметрі, [м]___________________;
Күшейту коэффициенті, [дБ]________________;
Жанама сәулелену сипаттамасы
_______________________________________________________________;
Жердің теңіз деңгейінен биіктігі, [м]
_______________________________________________________________;
Антеннаның жерден биіктігі, [м]
_______________________________________________________________;
Максималды сәуле шығару азимуты, [градус]
_______________________________________________________________;
Поляризация
_________________________________ ____________________________;
(қабылдау) (беру)
Орын бұрышы, градус_______; Антеннаның шу шығару температурасы, [К] ________;
Жерсерік туралы мәлімет (жерсеріктік жер станциясы үшін):
ЖС3, орнату нүктесі, градус___________; сәуле атауы_________________;
Транспондер №__________; 3ССС бағытындағы ЭИИМ, [дБВт]__________;
Егер пайдалану параметрі есептік деректерге сәйкес келсе, жоспарланған РЭС
радиусындағы __________км қашықтықта әрекет ететін радиоэлектрондық
құралдармен үйлесімді.
Қосымша ақпарат
_______________________________________________________________
(байланыс түріне байланысты толтырылады)
_______________________________________________________________
Берілген күні 20 жылғы "_"
__________________________ ____________________ М.О.____________
(басшы) (қолтаңбасы) (Т.А.Ә.)
Жылжымалы қызмет радиоэлектрондық құралдарының электромагниттік үйлесімділігіне сараптама қорытындысы
_______________________________________________________________
РЭС түріне __________________________________ мынадай деректермен берілді:
Орнату пункті
_______________________________________________________________
(толық мекенжайы)
Географиялық координатасы:
бойлық __________________________; ендік ________________________;
(градус, минут, секунд) (градус, минут, секунд)
Техникалық дерек:
Таратқыштың қуаты, [Вт]____________; сәуле шығару класы___________;
Пайдаланылатын арна саны
_______________________________________________________________;
Қабылдау/беру жиілігі, МГц немесе жиілік жолағы
_______________________________________________________________;
Сезімталдық, [мкВ]_______; байланыс стандарты (хаттама)____________;
Модуляция түрі
_______________________________________________________________
Антенна сипаттамасы:
Антенна түрі_________________; антенна диаметрі, [м]________________;
Күшейту коэффициенті, [дБ]__________________________;
Жанама сәулелену сипаттамасы
_______________________________________________________________;
Жердің теңіз деңгейінен биіктігі, [м]
_______________________________________________________________;
Антеннаның жерден биіктігі, [м]
_______________________________________________________________;
Максималды сәуле шығару азимуты, [градус]
_______________________________________________________________;
Антеннаның сәулелену поляризациясы
_______________________________________________________________;
Егер пайдалану параметрі есептік деректерге сәйкес келсе, жоспарланған
РЭС радиусындағы___________км қашықтықта әрекет ететін
радиоэлектрондық құралдармен үйлесімді.
Қосымша ақпарат
_______________________________________________________________
(байланыс түріне байланысты толтырылады)
_______________________________________________________________
Берілген күні 20 жылғы "__"___________________
________________________ ______________________ М.О.___________
(басшы) (қолтаңбасы) (Т.А.Ә.)
Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғы үшін жиілік жолағын, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беруге (белгілеуге) ӨТІНІМ
1. Өтініш беруші туралы мәлімет ___________________________________
(әскери басқару органының, әскери бөлімнің атауы)
2. Өтініш берушінің пошталық мекенжайы __________________________
3. РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ орналасқан орын _________________________
(қолдану аймағы)
4. Телефон/факс нөмірі _____________________________________
(Пайдалану, нақты сынақтан өткізу, жиілікті тағайындауды халықаралық құқықтық қорғау, ғылыми-зерттеу жұмысы, көрмелер және басқа) мақсатта пайдалану үшін РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ радиожиілікті (радиожиілікті арна), жиілік жолағын беруді (тағайындауды) сұраймын.
Командир (бастық) ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса, қолы, мөр) Күні
Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалану үшін жиілік жолағын, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беруге (белгілеуге) РҰҚСАТ
____________ (күні, нөмірі)
Жиілік жолағын, радиожиілікті немесе радиожиілік арнасын бөлу туралы шешім негізінде ________ № ______ берілсін (белгіленсін)
____________________________________________________________________
(әскери басқару органының, әскери бөлімнің атауы)
____________________________________________________________________
(әскери бөлімнің немесе мекеменің орналасқан орны)
Мынадай РЭҚ-ға радиожиілік (радиожиілік арнасы):
1. РЭҚ атауы, типі (моделі), зауыттық нөмірі, шығарылған жылы
2. РЭҚ қолдану аймағы
3. Берілген радиожиілік, МГц
Рұқсатты қолдану мерзімі __________________ дейін
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Радиоэлектрондық күрес департаментінің бастығы ____________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі, инициалы, мөр)
Үкіметтік мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғы үшін жиілік жолағын, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) беруді (белгілеуді) есепке алу журналы
Р/с № | Өтінімнің кіріс № | Өтінімнің шығыс № | Өтінімнің түскен күні | Өтінімді орындау мерзімі | Рұқсат № | Рұқсат беру күні |
Қысқаша мазмұны |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 | |||||||
9 | |||||||
10 | |||||||
11 | |||||||
12 | |||||||
13 | |||||||
14 | |||||||
15 | |||||||
16 | |||||||
17 | |||||||
18 | |||||||
19 | |||||||
20 | |||||||
21 | |||||||
22 | |||||||
23 | |||||||
24 | |||||||
25 | |||||||
26 | |||||||
27 | |||||||
28 | |||||||
29 | |||||||
30 |
Тексеруші адамның белгілері
Тексеретін командир (бастық, лауазымды адам) (әскери атағы, тегі, лауазымы көрсетіледі) журналға тексеру күнін, уақытын, сондай-ақ мазмұны бойынша өз ескертуін енгізеді.
Р/с | Тексерген адамның әскери атағы, тегі мен инициалы | Тексерген адамның лауазымы |
Белгі, ескерту |
1. | |||
2. | |||
3. | |||
4. | |||
5. | |||
6. | |||
7. | |||
8. | |||
9. | |||
10. |
___жылға арналған радиожиілік спектрін пайдалануға тыйым салудың ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
Пайдалануға тыйым салынған радиожиілік | Тыйым салуды енгізу негізі мен мақсаты | Жүргізілетін аса маңызды арнайы жұмыс пен іс-шара сипаты | Кедергіден қорғалатын РЭҚ типі | Шекарасында тыйым салынатын аудан (трасса, маршрут) | Тыйым салудың қолданылу мерзімі |