"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 18 сәуірде № 35993 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрыққа 1 қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Тізбесінде:

      1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірі 17 - жол алып тасталсын;

      3- бөлімде Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірлері 2, 3, 11, 12, 14, 15, 16, 18, 21, 22, 23, 24 - жолдарда алып тасталсын;

      4-бөлімде 18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер:

      реттік нөмірлері 5, 7, 8, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 25, 28, 29, 30, 36, 38, 39, 43, 44, 45 - жолдарда алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады