Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 68-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 сәуірде № 36000 болып тіркелді

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін атқарушы
Н. Алдамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 сәуірдегі
№ 68-НҚ бұйрығымен
бекітілген
  Тұтынушы: ______________
  жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы
тұтынушының мекенжайы
  ___________________
  телефон, электрондық
поштасы: _______________
  _______________________
  _______________________
  (қолы)
20__ жылғы "___"________

Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны

      1. Объектінің толық атауы және мекенжайы (жобаланатын, қолданыстағы,

      реконструкцияланатын канал немесе жерүсті ағыны):_____________________

      _______________________________________________________________

      2. Объектінің мақсаты ___________________________________________

      3. Техникалық шарттарды алу үшін негіздеме (қажеттісін белгілеу):

      1) желіге қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен құрылысын жүргізу;

      2) қолданыстағы жүйеде көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;

      3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, реконструкциялау;

      4) қайта бейіндеу;

      5) қайтадан енгізілетін объектілердің желілеріне қосылу;

      6) бұрын қосылмаған объектінің желілеріне қосылу.

      4. Ауданы: _____________________________ гектар

      5. Қажеттілік __________________________ текше метр /тәулік (ай, жыл):

      оның ішінде:

      1) өндірістік қажеттіліктерге __________ текше метр /тәулік (ай, жыл);

      2) суаруға _______________ текше метр /тәулік (ай, жыл);

      3) шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер __________ текше метр /тәулік

      (ай, жыл)

      6. Қосуды жүргізу (уақыты және күні): ______________________________

      7. Қосу нүктесі: __________________________________________________

      8. Техникалық шарттар:___________________________________________

      1) сумен жабдықтау жөніндегі ұйым және (немесе) су шаруашылығы ұйымы суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша тұтынушыға мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда ________________ м3/тәулігіне (айына, жылына) мөлшерінде каналдан, су қоймасынан, өзеннен су алуға рұқсат береді:

      суды тек суаруға, тұрмыстық қажеттіліктерге және технологиялық процесте су қажет болатын өндірістік қажеттіліктерге жұмсау керек. Белгіленген лимиттен тыс суды жұмсауға рұқсат етілмейді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары шеңберінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан келісім алу;

      каналдар мен жерүсті ағынының қорғау аймағын қамтамасыз ету;

      қорғау аймағы шегінде сумен жабдықтау жөніндегі ұйым және (немесе) су шаруашылығы ұйымы келісімінсіз кез келген объектілерде, құрылысжайларда құрылыстар, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізу, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автокөлік тұрақтарын орнатуға, әртүрлі материалдарды жинауға, қоршаулар мен шарбақтар, стационарлық құрылысжайлар салуға, ағаштар мен бұталар отырғызуға, жер жұмыстарына жол берілмейді;

      каналдар мен жерүсті ағындарына қызмет көрсету, пайдалану, жөндеу үшін, сондай-ақ тұтынушының су өлшегіш торабына кіруді және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      тұтынушының (ұйымдардың, лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың) кінәсінен каналдар мен жерүсті ағынының және олардың конструкцияларының зақымдануы кезінде залалды өтеу олардың есебінен толық көлемде жүргізіледі

      қосылу нүктесінде балық қорғау құрылысжайларын немесе құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету;

      2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағыны мен каналдарына қосылу:

      құрылыс, жөндеу және заманауи материалдардың жаңа технологияларын қолдана отырып, жоба әзірленгеннен кейін;

      су шығынын коммерциялық есепке алу үшін су өлшегіш торап (су өлшегіш құрылғы) орнатылғаннан кейін;

      осы техникалық шарттар толық көлемде орындалғаннан кейін.

      Қосылуды сумен жабдықтау жөніндегі ұйым және (немесе) су шаруашылығы ұйымы өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Құрылыс, жөндеу, тазарту кезеңінде санатта бар тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету.

      Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.

      Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде шектеусіз мерзімде сақталады.

      Техникалық шарттарды қайта рәсімдеу және беру үшін ақы алынбайды.

      Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалаудың және құрылыстың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады