Тараз айналмалы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) жолын ақылы негізде пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 сәуірде № 36004 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Тараз айналмалы жолы (бұдан әрі-км) 477+050 км - 534+050 км (А-2) IІ санаттағы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы "Тараз айналмалы жолы" автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізінде пайдаланылады;

      2) жол баламалы Тараз қаласы арқылы жолымен жүзеге асырылуы мүмкін;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 477+050 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 534+050 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – IІ- санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны – екі бағытта – 1 жолақ;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 57 км;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2025 жылғы 18 сәуірдегі
№ 125 бұйрығына
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Байзақ ауданы

479+900 км

Базарбай елді мекені арқылы екенші реттік жолмен қиылысу

484+500 км

Байзақ батыр ауданы елді мекені арқылы екінші реттік жолмен қиылысу

488+100 км

Мырзатай елді мекені арқылы екінші реттік жолмен қиылысу

490+100 км

Мырзатай ауылы

Жамбыл ауданы

504+800 км

Ш. Ниязбеков ауылы

510+100 км

Жамбыл ауданына жолдама/Тараз қаласы

518+100 км

Новоджамбул Фосфор зауыты

  бұйрығына 2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Тараз айналмалы жолы километр (бұдан әрі-км) км 477+050 км 534+050 (А-2) (Республикалық маңызы бар IІ санаттағы "Тараз айналмалы жолы" жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)):

      АЕК:


Р/с

Аймақтар

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7



Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

Кейінгі төлем

Алдын ала төлем

1

км 477+050 - км 510+850 (33,8 км)

0,0588

0,0498

0,1191

0,1010

0,1795

0,1523

0,2398

0,2036

0,2986

0,2534

2

км 510+850 - км 534+050 (23,2 км)

0,0404

0,0342

0,0818

0,0694

0,1232

0,1045

0,1646

0,1397

0,2050

0,1739


Барлық маршрут үшін барлығы бір бағытта (57 км)

0,0992

0,0839

0,2009

0,1704

0,3026

0,2569

0,4044

0,3433

0,5036

0,4273

      1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

2 АЕК

3 АЕК

4 АЕК

5 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

12 АЕК

24 АЕК

36 АЕК

48 АЕК

60 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік- аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш;

      км - километр;

      м - метр;

      т - тонна.

  бұйрығына 3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі


Р/с

Елді мекеннің атауы


Жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады