"Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 189-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 сәуірде № 36020 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемориалдық тақталар орнату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемориалдық тақталар орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемориалдық тақталар орнату тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның 10 жылдан астам ғимаратта немесе құрылыста тұру, жұмыс істеу, болу және онда болған айрықша оқиға фактісі расталған кезде орнатылады.

      Мемориалдық тақталар қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап 5 жыл өткен соң орнатылады.

      Мемориалдық тақталарды орнату "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.

      Бір елді мекенде бір аса көрнекті тұлғаға немесе айрықша оқиғаға бір мемориалдық тақта ғана орнатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады